Іс-шаралар » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Терезеден құлап кетудің алдын алу»
08
қазан
2026
«Терезеден құлап кетудің алдын алу»
2-сынып оқушыларына «Терезеден құлап кетудің алдын алу» тақырыбында қауіпсіздікке бағытталған сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға терезе маңындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, сақтық шаралары туралы маңызды ақпарат берілді.
“Мектеп ортасындағы тұрақты қарым-қатынас”
07
қазан
2026
“Мектеп ортасындағы тұрақты қарым-қатынас”
АПҚО жоспарына сәйкес “Мектеп ортасындағы тұрақты қарым-қатынас” тақырыбында 8”Б” сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.  Мектеп, оқушы және ата-ана арасындағы өзара сыйластыққа, сенімге және тұрақты қарым-қатынасқа негізделген ортаның маңызы болып табылады.
“Мектеп ортасындағы тұрақты қарым-қатынас” 
06
қазан
2026
“Мектеп ортасындағы тұрақты қарым-қатынас” 
АПҚО жоспарына сәйкес “Мектеп ортасындағы тұрақты қарым-қатынас” тақырыбында 8”Б” сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.  Мектеп, оқушы және ата-ана арасындағы өзара сыйластыққа, сенімге және тұрақты қарым-қатынасқа негізделген ортаның маңызы болып табылады.
«Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдәниеті»
05
қазан
2026
«Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдәниеті»
Алматы қаласы ТЖД-мен бірлескен жоспар-кестеге сәйкес, «Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдәниеті» жобасы аясында 10-сынып білім алушыларына арналған «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында онлайн-сессия дәрісі өткізілді. Шараға №101 мектеп-гимназия оқушылары қатысты
«Қауіпсіз интернет. Қорқыту, оны қалай тоқтатуға болады?»
02
қазан
2026
«Қауіпсіз интернет. Қорқыту, оны қалай тоқтатуға болады?»
7 «Г» сыныбында «Қауіпсіз интернет. Қорқыту, оны қалай тоқтатуға болады?» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.  Оқушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен, кибербуллингтің алдын алу және қорқыту жағдайында дұрыс әрекет ету жолдарымен танысты.
Ұстазға құрмет – шәкірттен тағзым!
01
қазан
2026
Ұстазға құрмет – шәкірттен тағзым!
Ұстаздар күні қарсаңында мектеп парламенті білім ордасындағы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілектері мен ыстық ықыластарын жеткізді.  Оқушылар ұстаздарға зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт және еңбектеріне толағай табыс тіледі.
«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге»
30
қыркүйек
2026
«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге»
Бүгінгі күні мектеп қабырғасында білім алып жүрген оқушыларымыз кезінде осы мектепте еңбек еткен, талай шәкірттің жүрегіне жол тапқан ардагер ұстаздарды арнайы құттықтап, өздерінің ыстық ықыластары мен шынайы алғыстарын білдірді.
"Кітап оқитын ұлт»
28
қыркүйек
2026
"Кітап оқитын ұлт»
"Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында өткізілген ата-аналар жиналысының басты мақсаты — мектеп пен отбасының күш-жігерін біріктіре отырып, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру.
“Біз жемқорлыққа қарсымыз!”
25
қыркүйек
2026
“Біз жемқорлыққа қарсымыз!”
Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз жайттармен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.Мектебіміздің 7 “В” “Г” сыныптарымен “Біз жемқорлыққа қарсымыз!” тақырыбында слайдтар байқауы өткізілді.
«Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам»
24
қыркүйек
2026
«Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам»
Алматы қаласы ТЖД-мен бірлескен жоспар-кестеге сәйкес,»Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениеті» жобасы аясында 6-сынып білім алушыларына арналған «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» тақырыбында онлайн-сессия дәрісі өткізілді. Шараға №101 мектеп-гимназия оқушылары қатысты.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 114 Вперед