Іс-шаралар » Страница 3 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Бір отбасы – бір игі іс»
17
қыркүйек
2026
«Бір отбасы – бір игі іс»
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және Отбасы күніне орай 9 «А» сынып оқушыларымен «Бір отбасы – бір игі іс» атты қайырымдылық және волонтерлік акциясы өткізілді.
«Отбасымыздың бір күні»
15
қыркүйек
2026
«Отбасымыздың бір күні»
«Адал азамат біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында және Отбасы күніне орай 11-сынып оқушылары арасында «Отбасымыздың бір күні» атты челендж өткізді.  Отбасы — сыйластық пен тыныштық, махаббат, бірлік орнаған орта, кішкентай Отан.
“Менің құқықтарым мен міндеттерім”
10
қыркүйек
2026
“Менің құқықтарым мен міндеттерім”
Бала құқығын білу – өзіңді құрметтеуден басталады. Бүгінгі сынып сағатында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтіп, құқықтық сауаттылықтың маңызын талқылады. #101мектеп -гимназияда “Менің құқықтарым мен міндеттерім” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтілді.  Сынып сағаты барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, жағдаяттарды талдап, құқық пен міндеттің өзара байланысын түсінді.
«Отбасы- тәрбие бастауы»
08
қыркүйек
2026
«Отбасы- тәрбие бастауы»
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат мекен, мейірім мен жылулықтың бастауы. Бала тәрбиесі ең алдымен отбасынан басталып, үлкенге құрмет, кішіге ізет, адамгершілік пен жауапкершілік сияқты құндылықтар бойына сіңеді. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында#101мектеп -гимназияда «Отбасы- тәрбие бастауы» атты бірыңғай тәрбие сағаты өтілді.  Сынып сағаты барысында оқушылар отбасының маңызы, ата-анаға құрмет, отбасылық құндылықтар мен өзара сыйластық туралы ой бөлісті.
«The Magic of English»
07
қыркүйек
2026
«The Magic of English»
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай ағылшын тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «The Magic of English» тақырыбында танымдық-мәдени іс-шара өткізілді.
«Тіл – халықтың жан дүниесінің кілті»
03
қыркүйек
2026
«Тіл – халықтың жан дүниесінің кілті»
5 қыркүйек күні Қазақстанда Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтеді. Бұл мереке еліміздегі барлық этностардың тілдерін сақтау мен дамыту, тілдік әралуандықты құрметтеу маңыздылығын айқындайды.  Аталған дата қазақтың ағартушысы, ғалымы, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған.
«Тіл – достықтың алтын көпірі»
02
қыркүйек
2026
«Тіл – достықтың алтын көпірі»
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты сайыс сабағы өткізілді.  Сайыстың мақсаты – оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, көптілділікті насихаттау, өзге тілдерге құрметпен қарауға тәрбиелеу және достық пен бірлікті нығайту.
Алғашқы қоңырау
01
қыркүйек
2026
Алғашқы қоңырау
Бүгін білім ордамызда жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шара өтті.  🔔 Алғашқы қоңырау – әр оқушы үшін жаңа белестердің, жарқын армандардың бастауы. Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін де, жаңа оқу жылына қадам басқан барша оқушы үшін де ерекше қуанышқа толы.  Ұстаздар қауымына – шығармашылық табыс пен қажымас қайрат, ата-аналарға – бала тәрбиесіндегі береке, ал оқушыларға – сапалы білім, биік мақсат және жарқын жетістіктер тілейміз!
«Қызға қырық үйден тыйым»
30
сәуір
2026
«Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту мақсатында мектебімізде «Қызға қырық үйден тыйым» атты қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Мамандық таңдау
23
сәуір
2026
Мамандық таңдау
Кәсіптік бағдар беру – оқушылардың қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін ескере отырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесетін маңызды үрдіс. Қоғам дамыған сайын мамандықтар да көбейіп, еңбек нарығы үнемі өзгеріп отырады. Мамандық таңдау – адамның өмір сапасына, табысына, қоғамдағы орнын табуына тікелей әсер ететін маңызды шешім. Оқушыларға мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар беру мақсатында сынып сағаттары өтті.