Іс-шаралар » Страница 2 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Еңбекқорлық - табыстың кілті» 
23
қыркүйек
2026
«Еңбекқорлық - табыстың кілті» 
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Еңбекқорлық - табыстың кілті» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
«Таза Қазақстан» 
22
қыркүйек
2026
«Таза Қазақстан» 
«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебімізде қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған өлкені көркейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында таза сенбілік ұйымдастырылды.  Мектеп ауласы мен айналасы тазаланып, қоқыстар жиналып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға ұстаздар мен оқушылар белсене қатысып, туған жерге деген жанашырлықтарын көрсетті.
«Туыстық қарым-қатынас — баға жетпес байлық» 
22
қыркүйек
2026
«Туыстық қарым-қатынас — баға жетпес байлық» 
«Даналық мектебі» жобасы аясында  18 қыркүйек күні 3 «Д» сынып ата-аналарымен «Туыстық қарым-қатынас — баға жетпес байлық» тақырыбында интерактивті сабақ-кездесу өттілді.  Кездесу барысында отбасы құндылықтары, туыстық сыйластық, үлкенді құрметтеу және бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі туралы маңызды ойлар ортаға салынды.
 «Алматым жүрегімде»
21
қыркүйек
2026
 «Алматым жүрегімде»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 3-сынып оқушылары арасында «Алматым жүрегімде» тақырыбында сурет байқауы өтті.  Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сурет арқылы туған қалаға деген сүйіспеншілігін білдіруге мүмкіндік беру, Алматының әсем табиғаты мен көрікті жерлерін бейнелеу арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру.  
«Бір күн – бір кәсіп» 
21
қыркүйек
2026
«Бір күн – бір кәсіп» 
Оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, түрлі мамандықтар туралы түсінігін кеңейту мақсатында мектебімізде «Бір күн – бір кәсіп» тақырыбында әлеуметтік акциясы ұйымдастырылды.  Акция барысында оқушылар әртүрлі кәсіп иелерінің еңбегімен танысып, мамандықтардың қыр-сырын білуге мүмкіндік алды
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»
21
қыркүйек
2026
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»
Мәдениет және ақпарат министрлігімен бекітілген жоспарға сәйкес, «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін арттыру, діни сауаттылығын қалыптастыру және түрлі теріс ағымдардың алдын алу мақсатында Астана қаласының Дін істері комитетімен бекітілген Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Шоманов Болат Шаймарданұлы танымдық лекция оқыды.
«Алматы – арман қала»
19
қыркүйек
2026
«Алматы – арман қала»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4-сынып оқушылары «Алматы – арман қала» тақырыбында өз жүректерінен шыққан өлеңдерін арнады.Мақсаты оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Алматы қаласының тарихы мен көрікті жерлерін таныту.
«Менің сүйікті қалам»
19
қыркүйек
2026
«Менің сүйікті қалам»
Туған қаламыз — жүрегімізге жақын мекен!  Қала күні қарсаңында 5-сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті қалам» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.  Балалар өз шығармашылықтары арқылы туған қаламызға деген сүйіспеншілігін бейнелеп, әсем Алматыны әр қырынан көрсетті.
«Өрт қауіпсіздігі қағидалары таулы-орманды жерде»
19
қыркүйек
2026
«Өрт қауіпсіздігі қағидалары таулы-орманды жерде»
Алматы қаласы ТЖД-мен бірлескен жоспар-кестеге сәйкес, «Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениеті» жобасы аясында 5-сынып білім алушыларына арналған «Өрт қауіпсіздігі қағидалары таулы-орманды жерде» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шараға №101 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты.
«Мектепке қамқорлық – ортақ жауапкершілік»
18
қыркүйек
2026
«Мектепке қамқорлық – ортақ жауапкершілік»
Оқушылардың мектепке деген сүйіспеншілігін арттыру, тазалықты сақтауға, мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға және ортақ ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Мектепке қамқорлық – ортақ жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.