Іс-шаралар » Страница 4 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Отбасылық кітап оқу”
20
сәуір
2026
“Отбасылық кітап оқу”
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және " Ұлттық кітап күні" онкүндік жоспар негізінде мектебіміздің оқушылары арасында “Отбасылық кітап оқу”марафоны ұйымдастырылды.
Буллинг
17
сәуір
2026
Буллинг
Буллинг – достыққа, сыйластыққа қарсы әрекет. Ол адамға ауыр тиіп, өзіне деген сенімін төмендетеді. Сондықтан әрқайсымыз мұндай жағдайға бейжай қарамауымыз керек. Досболайк қозғалысы – мейірімділік пен қолдауға негізделген орта қалыптастыруды мақсат етеді. Біз бір-бірімізге қамқор болып, ешкімді ренжітпей, керісінше қолдау білдіру арқылы ғана шынайы достықты орната аламыз.
“Абайлаңыз, су тасқыны!”
16
сәуір
2026
“Абайлаңыз, су тасқыны!”
Көмек бағдарламасы негізінде оқушыларға төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында “Абайлаңыз, су тасқыны!” тақырыбында әрекет алгоритмі бойынша сынып сағаттары өткізілді.
«Ғарыш әлеміне саяхат»
15
сәуір
2026
«Ғарыш әлеміне саяхат»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ғарыш әлеміне саяхат» ғарышкерлер күніне орай ашық тәрбие сағаты 8«В» сынып оқушыларымен өткізілді
«Өнерлі бала»
14
сәуір
2026
«Өнерлі бала»
Оқушыларды шығармашылық белсенділікке баулу, дарынды балаларды олардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, ұсақ бұйымдармен жұмыс жасау арқылы қолөнерді жетілдіру, осы саладағы көркемдік дәстүрлерді сақтау мақсатында Алматы қаласы Жетісу ауданы #101 мектеп-гимназиясында «АЛМАТЫ БАЛАFEST» балалар фестивалі аясында «Өнерлі бала» тақырыбында аудандық қолөнер байқауы өткізілді. Байқауда білім беру ұйымдарының оқушылары аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
"Жол қауіпсіздігі"
13
сәуір
2026
"Жол қауіпсіздігі"
Балаларға жолда жүру ережелерімен таныстыру, бағдаршамның түстерін, жаяу жүргінші жолақтарын және негізгі жол белгілерін меңгерту, жолда қауіпсіздікті сақтау – өз өмірімізді қорғау екенін жақсы түсіндіру мақсатында»Жол қауіпсіздігі» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік»
10
сәуір
2026
«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 
“Қазақша кітаптарды оқимыз”
09
сәуір
2026
“Қазақша кітаптарды оқимыз”
Мемлекеттік тіл – менің тілім! жобасы аясында мектебіміздің кітапханасында “Қазақша кітаптарды оқимыз” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар»
07
сәуір
2026
«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда
«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді. 11 «Б» сынып оқушылары осы тақырып аясында сынып сағатын ұйымдастырып, білімнің маңыздылығы мен ел дамуына қосатын үлесі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
“ Көктемді қондырып қанатына”
06
сәуір
2026
“ Көктемді қондырып қанатына”
Табиғат — біздің ортақ үйіміз, ал құстар — сол үйдің сәні мен жыры. Олардың табиғаттағы орны мен адам өміріндегі маңызы өте зор.құстар — табиғаттың ажырамас бөлігі. Егер біз құстарды қорғасақ, демек, өз табиғатымызды қорғағанымыз. Қанатты достарымызға аялы алақанмен қарап, олардың азаймауына үлес қосуымыз қажет. 101 мектеп -гимназияның 3” А,Д” сынып оқушылары арасында “ Көктемді қондырып қанатына” атты құстар күніне арналған слайдтар байқауы өтті.