Іс-шаралар » Страница 54 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Отбасым-күншуағым»
13
желтоқсан
2022
«Отбасым-күншуағым»
Мектебіміздің 3-сынып оқушылары арасында «Отбасым-күншуағым» тақырыбында суреттер көрмесі болып өтті. Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
«Тәуелсіз Қазақстан жетістіктері»
12
желтоқсан
2022
«Тәуелсіз Қазақстан жетістіктері»
6 «В» сыныбында «Тәуелсіз Қазақстан жетістіктері» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елін, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш– қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
“Мұздағы мінез-құлық ережелері”
09
желтоқсан
2022
“Мұздағы мінез-құлық ережелері”
 5 “Б”, “В” сынып оқушылары арасында “Мұздағы мінез-құлық ережелері” тақырыбында әңгіме жүргізілді. Мақсаты: Күн суытып мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы мағлұмат беру: есту, көру арқылы өз бетінше логикалық ойлау қабілеттерін арттыру есте сақтау қабілетін дамыту, оқушыларды мұзда сырғанау ережесін мұқият сақтауға, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
"Менің Қазақстаным"
09
желтоқсан
2022
"Менің Қазақстаным"
Мектебіміздің 8 “Г" сынып оқушылары арасында  "Менің Қазақстаным" тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. Мақсаты:Оқушыларды отансүйгіштікке,туған елін құрметтеуге тәрбиелеу.
"Сехирлиқ кәтмән"
08
желтоқсан
2022
"Сехирлиқ кәтмән"
Мектебіміздің 4 сынып оқушылары "Сехирлиқ кәтмән" ертегісінің желісі бойынша сахналық қойылым қойды. Мақсаты: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету.
"ЖЕЛТОҚСАН ҚАҺАРМАНДАРЫ"
07
желтоқсан
2022
"ЖЕЛТОҚСАН ҚАҺАРМАНДАРЫ"
Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында 8-11 сынып оқушылары арасында "ЖЕЛТОҚСАН ҚАҺАРМАНДАРЫ" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, олардың батырлығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру. 
“Тұрмыстық техниканы пайдалану кезіндегі қауіпсіздік”
06
желтоқсан
2022
“Тұрмыстық техниканы пайдалану кезіндегі қауіпсіздік”
8 "Д" сыныбында “Тұрмыстық техниканы пайдалану кезіндегі қауіпсіздік” тақырыбында әңгіме жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларға күнделікті тұрмыста қолданылатын электр құралдары туралы түсінік беру. Электр тоғының қауіпті екенін және олармен қалай жұмыс жасау керек екенін түсіндіру.
"Нашақорлықтың алдын алу"
05
желтоқсан
2022
"Нашақорлықтың алдын алу"
8-9-10 сынып оқушыларына Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу қауымдастығы "Жаңа ғасыр" әлеуметтік қызметкері Тажибаев Ерлан Бегуллаевич "Нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында лекция оқыды Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау және өз денсаулығына жауапкершілік пен қарау.
Волейболдан жарыс
03
желтоқсан
2022
Волейболдан жарыс
Мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің 11 сыныбы І орынға 10 сыныбы ІІ орынға 9 сыныбы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Мақсаты: Жастарды спортқа тартып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сонымен қатар волейбол спортын дамытып насихаттау.
“ЖИТС XXI ғасыр індеті”
30
қараша
2022
“ЖИТС XXI ғасыр індеті”
Мектебіміздің 8-11-сынып оқушылары арасында “ЖИТС XXI ғасыр індеті” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.