Іс-шаралар » Страница 53 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді?»
11
қаңтар
2023
«Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді?»
9 “А” сынып оқушылары арасында «Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!"
10
қаңтар
2023
"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!"
Мектебіміздің 9-11 сыныптарында "СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды айтып, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
"Қыста кітап оқы"
05
қаңтар
2023
"Қыста кітап оқы"
"Қыста кітап оқы" акциясы аясында мектебіміздің 4 сынып оқушысы Изимов Билал кітап оқу арқылы қыстық демалыс күндерін қызықты әрі тиімді өткізуде.  
«МЕЙІРІМДІ БОЛСА ЖҮРЕК - ОРЫНДАЛАР ТІЛЕК»
28
желтоқсан
2022
«МЕЙІРІМДІ БОЛСА ЖҮРЕК - ОРЫНДАЛАР ТІЛЕК»
Мектебіміздің 9-11 сыныптарында «МЕЙІРІМДІ БОЛСА ЖҮРЕК - ОРЫНДАЛАР ТІЛЕК»тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың мейірімділік , қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.  
«Балалармен бірге армандайық»
26
желтоқсан
2022
«Балалармен бірге армандайық»
Мектебіміздің педагог-психологы 11 сыныптар арасында «Балалармен бірге армандайық» тақырыбында тренинг жүргізді. Мақсаты: 11 сынып оқушыларына өмір құндылықтарын баяндау. Армандарына жету жолында мақсат құруды үйрету. Мектепте сабаққа деген ынтасын көтеру және жақсы көңіл-күй жағдайын орнату.  
“Әке жолы - iзгiлiктiң iздерi”
26
желтоқсан
2022
“Әке жолы - iзгiлiктiң iздерi”
9 “А,Б” сынып оқушылары мен “Әке жолы - iзгiлiктiң iздерi” такырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу. Оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу.
"Бауырсақ"
23
желтоқсан
2022
"Бауырсақ"
Бастауыш сынып оқушылары арасында "Бауырсақ" ертегісінің желісі бойынша сахналық қойылым қойылды. Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызғушылықтарын арттыру. Бір – біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.
«ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ»
21
желтоқсан
2022
«ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ»
Мектебіміздің 5-8 сыныптарында «ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ»тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа, баулу.  
«ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗІНДЕГІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ»
20
желтоқсан
2022
«ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗІНДЕГІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ»
Мектебіміздің 8-11 сыныптары арасында  «ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗІНДЕГІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ»тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру. Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.  
"Тәуелсіздік-ел тірегі"
15
желтоқсан
2022
"Тәуелсіздік-ел тірегі"
Мектебіміздің 4"В" сыныбында "Тәуелсіздік-ел тірегі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.Тақырып бойынша сөйлесім жұмыстарын ұйымдастыру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру.