Іс-шаралар » Страница 23 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Салауатты өмір сүреміз»
10
ақпан
2025
«Салауатты өмір сүреміз»
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Әрбір адам спортпен айналысу керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады сонымен қатар денсаулығы жақсарады. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектебіміздің 5 сыныптары арасында «Салауатты өмір сүреміз» тақырыбында пионерболдан жарыс өткізілді.
“Мамандықтың бәрі жақсы”
07
ақпан
2025
“Мамандықтың бәрі жақсы”
Білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдету, қызығушылықтарын арттыру мақсатында 9 сынып оқушылары арасында “Мамандықтың бәрі жақсы” тақырыбында қабырға газеттері байқауы өткізілді. Әр түрлі мамандық түрлеріне жеке тоқталып, еңбек адамдарына құрметпен қарау, қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеу керек екендігі туралы түсіндірілді.
“Цифрлық әлемде қауіпсіздік қадам”
06
ақпан
2025
“Цифрлық әлемде қауіпсіздік қадам”
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында 10 “А” сыныбында “Цифрлық әлемде қауіпсіздік қадам” тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл сынып сағатында оқушылар интернет қауіпсіздігі мен жеке деректерді қорғау мәселелерін талқылады және қазіргі таңда цифрлық әлемде дұрыс бағытта жүрудің өте маңызды екенін түсінді.
“ Саналы ұрпақ -жарқын болашақ”
05
ақпан
2025
“ Саналы ұрпақ -жарқын болашақ”
Саналы ұрпақ - елдің өсіп, өркендеуіне деген қадамдарын нақ әрі, күмәнсіз баса алатын, мемлекеттің дамуына үлес қосатын, өзінің өзгерумен қатар әлемді өзгертуге тырысатын білімді, жан-жақты жалындап жанып тұрған, ерік-жігері мықты жастар. 8 «А» сынып оқушылары арасында “ Саналы ұрпақ -жарқын болашақ” тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді.
«Әркімнің дауысы маңызды: демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі»
04
ақпан
2025
«Әркімнің дауысы маңызды: демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі»
Демократиялық құндылықтарды қалыптастыру, оқушылардың құқықтық сана-сезімі мен мәдениетін арттыру, оқушыларды сайлаудың демократияның жұмыс істеуіне әсері туралы ақпараттандыру, оқушылар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Әркімнің дауысы маңызды: демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
“Бала құқығы-асыл қазына”
03
ақпан
2025
“Бала құқығы-асыл қазына”
Мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры – жас ұрпақ. Өскелең ұрпақ қамын ойлау, балалық шақ­тың басымдығын мойында­татын терең моральдық құнды­лық екені де сөзсіз. Мемлекетіміз алғашқы қадамынан бастап-ақ бала құқықтары туралы әлемдік конвенцияға ерекше мән беріп, соның талаптарының аясында жұмыс жүргізумен келеді.  “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Бала құқығы-асыл қазына” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
«Сақтансақ сақтайды»
31
қаңтар
2025
«Сақтансақ сақтайды»
Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, өрттің тілсіз жау екенін ұқтыру, балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында 9 сынып оқушыларына «Сақтансақ сақтайды», «Сақ бол!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
“Балаңыздың ой пікірін ояту”
31
қаңтар
2025
“Балаңыздың ой пікірін ояту”
“ Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының жоспары негізінде 7 “Д” сынып ата-аналарымен “Балаңыздың ой пікірін ояту” тақырыбында сабақ өткізілді.
“Балаңыздың ой-пікірін ояту және дамыту”
30
қаңтар
2025
“Балаңыздың ой-пікірін ояту және дамыту”
“Біртұтас тәрбие “ бағдарламасы аясында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының жоспары негізінде 7 ”Б” сынып ата -аналарымен “Балаңыздың ой-пікірін ояту және дамыту” тақырыбында сабақ өткізілді.
«Қыздар гигиенасы»
29
қаңтар
2025
«Қыздар гигиенасы»
“Біртұтас тәрбие “ бағдарламасы негізінде 101 мектеп- гимназияның 5 сынып қыздары, мектеп медбикесі және сынып жетекшілерінің қатысуымен «Қыздар гигиенасы» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында қыз баланың гигиенасы, сұлулығы, денсаулығы және салауатты өмір сүрудің басты қағидалары туралы түсінік алды.