Іс-шаралар » Страница 20 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Бүлдіретін сыртқы әсерлерге балалардың қарсы тұруы”
07
сәуір
2025
“Бүлдіретін сыртқы әсерлерге балалардың қарсы тұруы”
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында және ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының жоспары негізінде “Бүлдіретін сыртқы әсерлерге балалардың қарсы тұруы” тақырыбында 6 “В” сынып ата-аналарымен сабақ өткізілді.
“Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 80 жыл”
03
сәуір
2025
“Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 80 жыл”
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай болашақ жас ұрпақты Ұлы Отан соғысымен, ата-бабаларымыздың ерлік істерімен таныстыра отырып, отанын сүюге, оны қорғауға патриоттық тәрбие беру мақсатында 1 “Г” сыныбында “Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 80 жыл” тақырыбында сүрет көрмесі ұйымдастырылды.
«Төтенше жағдайлар қауіпсіздігі бойынша демонстрациялық бейнероликтер»
03
сәуір
2025
«Төтенше жағдайлар қауіпсіздігі бойынша демонстрациялық бейнероликтер»
«Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні» аясында Алматы қаласы #101 мектеп-гимназиясында Азаматтық қорғаныс жоспарына сай ағымдағы жылдың 17 наурыз күні 7 «В» сыныбында «Төтенше жағдайлар қауіпсіздігі бойынша демонстрациялық бейнероликтер» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
21 наурыз – Ынтымақ күні
21
наурыз
2025
21 наурыз – Ынтымақ күні
21 наурыз – Ынтымақ күні. Оның негізгі мақсаты – жалпы халық арасында татулық пен бірлікті насихаттау, бір-біріне деген құрметті арттыру. Көктем мерекесі – жаңарудың, жаңа өмірдің туылуының, жаңа мүмкіндіктердің символы, бұл уақытта жақын адамдарды, достарды, таныстар мен әріптестерді мерекемен құттықтау дәстүрге айналған. Мектебіміздің 5 «Б» сынып оқушылары баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтайды!
“Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні”
20
наурыз
2025
“Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні”
“Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні” аясында Алматы қаласы №101 мектеп-гимназиясында Азаматтық қорғаныс жоспарына сай ағымдағы жылдың 13 наурыз күні 5 “В” сыныпында жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі бойынша объектілік сейсмикалық жаттығулар бойынша сынып сағатты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың төтенше жағдайдағы іс-әрекеті бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, оларды сабырлық пен өзін-өзі ұстай білуге және өзара қамқорлық пен төзімділікке үйрету.
«Зардап шеккен халықты жинау пункті»
19
наурыз
2025
«Зардап шеккен халықты жинау пункті»
«Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні» аясында Алматы қаласы №101 мектеп-гимназиясында Азаматтық қорғаныс жоспарына сай ағымдағы жылдың 12 наурыз күні 7-11 сынып оқушылары арасында «Зардап шеккен халықты жинау пункті» атты жаттығу сабақтары өткізілді. Жаттығу барысында жер сілкінісінен зардап шеккендерді жинау және есепке алу, панасыз қалған, зардап шеккен халықты эвакуациялау және қабылдау пункттерін орналастыру сияқты іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Біз қауіпсіз өмірді қолдаймыз!»
18
наурыз
2025
«Біз қауіпсіз өмірді қолдаймыз!»
«Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні» аясында Алматы қаласы №101 мектеп-гимназиясында Азаматтық қорғаныс жоспарына сай ағымдағы жылдың 3 наурыз күні 5 сыныптар арасында «Біз қауіпсіз өмірді қолдаймыз!» атты суреттер жарысы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың төтенше жағдайдағы іс-әрекеті бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, оларды сабырлық пен өзін-өзі ұстай білуге және өзара қамқорлық пен төзімділікке үйрету.
“Салауатты өмір - денсаулық кепілі”
17
наурыз
2025
“Салауатты өмір - денсаулық кепілі”
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Салауатты өмір - денсаулық кепілі” тақырыбында 6 сынып оқушыларына баяндама оқылып, слайдтар көрсетілді.
« Алматы -біздің ортақ үйіміз»
14
наурыз
2025
« Алматы -біздің ортақ үйіміз»
Жалпы республикалық “Таза Қазақстан” акциясы аясында « Алматы -біздің ортақ үйіміз» атты науқанды жүзеге асыру мақсатында #101 мектеп -гимназияның 6 сынып оқушылары арасында экомарафонда қолданылатын плакаттар байқауы өтті.
“Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік”
13
наурыз
2025
“Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік”
Төтенше жағдай адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлар, олар өндірістік апат немесе жер сілкінісі, сел жүру секілді табиғы апат салдарынан болуы мүмкін. Мектебіміздің кітапханасында “Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: оқушыларға табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру.