«Жұмысшы мамандықтар жылы» » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қараша
2025

«Жұмысшы мамандықтар жылы»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы жолдауында елімізде техникалық-кәсіптік білім беру жүйесін реформалау қажеттігін атап өтті. Бұл – еліміздің экономикалық өсімі мен өндірістік әлеуетін арттыру үшін аса маңызды бағыт.
Осы тұрғыда 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Президент жарлығымен жүзеге асатын бұл бастама техника мамандықтарына басымдық беруді, еңбек адамының мәртебесін арттыруды мақсат етеді.
Президент жолдауында атап өткендей, жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік идеяларын нығайту көзделеді. Адал еңбек және табанды мамандық қана елімізді алға сүйреуге қабілетті.
Жұмысшы мамандықтар жылы – бұл мемлекет тарапынан еңбек адамына, жұмысшы кәсіп иелеріне ерекше көңіл бөлінетін жыл болып саналады. Оның негізгі мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, еңбекке баулу, кәсіби-техникалық білім беру жүйесін дамыту және өндіріс орындарына білікті кадр даярлау.