Республикалық педагогтер съезі туралы » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық педагогтер съезі туралы
06
қазан
2023

Республикалық педагогтер съезі туралы

Білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай елордада республикалық педагогтер съезі өтті. Оқу-ағарту министрінің «Білім сапасы: жай-күйі және жетілдіру жолдары» баяндамасы жарияланды. Үздік педагогтер, сарапшы-жаттықтырушылар, жас мұғалімдер, білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру жүйесінің ардагерлері сөз сөйлейді.
Педагогтер съезінде қарастырылған мәселелер Алматы қаласы «№101 мектеп-гимназия» педагогикалық қызметкерлері арасында талқыланды.
Съезге еліміз Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, ұстаздарды  кәсіби мерекесімен құттықтады. Ел болашағы балалардың мықты маман болуы ұстазға байланысты екендігіне және баланы оқыту ісін түзету қажеттігіне тоқталды. Президент бастамасымен 2019 жылы «Педагог-мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданып, соңғы төрт жыл ішінде ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті, кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп, тұрғын үй бағдарламаларымен үй алу мәселелері шешіліп келеді. 
Өз кезегімізде біздің ұжым да білім саласындағы барлық өзгерістер мен жаңашылдықтарды жүзеге асыруда бар күшімізді салып, еңбек етуіміз қажет деп есептейміз.