Материалы за Қыркүйек 2026 года » Страница 2 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қыркүйек 2026 года » Страница 2
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»
21
қыркүйек
2026
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»
Мәдениет және ақпарат министрлігімен бекітілген жоспарға сәйкес, «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін арттыру, діни сауаттылығын қалыптастыру және түрлі теріс ағымдардың алдын алу мақсатында Астана қаласының Дін істері комитетімен бекітілген Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Шоманов Болат Шаймарданұлы танымдық лекция оқыды.
«Алматы – арман қала»
19
қыркүйек
2026
«Алматы – арман қала»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4-сынып оқушылары «Алматы – арман қала» тақырыбында өз жүректерінен шыққан өлеңдерін арнады.Мақсаты оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Алматы қаласының тарихы мен көрікті жерлерін таныту.
«Менің сүйікті қалам»
19
қыркүйек
2026
«Менің сүйікті қалам»
Туған қаламыз — жүрегімізге жақын мекен!  Қала күні қарсаңында 5-сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті қалам» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.  Балалар өз шығармашылықтары арқылы туған қаламызға деген сүйіспеншілігін бейнелеп, әсем Алматыны әр қырынан көрсетті.
«Өрт қауіпсіздігі қағидалары таулы-орманды жерде»
19
қыркүйек
2026
«Өрт қауіпсіздігі қағидалары таулы-орманды жерде»
Алматы қаласы ТЖД-мен бірлескен жоспар-кестеге сәйкес, «Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениеті» жобасы аясында 5-сынып білім алушыларына арналған «Өрт қауіпсіздігі қағидалары таулы-орманды жерде» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шараға №101 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты.
«Мектепке қамқорлық – ортақ жауапкершілік»
18
қыркүйек
2026
«Мектепке қамқорлық – ортақ жауапкершілік»
Оқушылардың мектепке деген сүйіспеншілігін арттыру, тазалықты сақтауға, мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға және ортақ ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Мектепке қамқорлық – ортақ жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
«Бір отбасы – бір игі іс»
17
қыркүйек
2026
«Бір отбасы – бір игі іс»
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және Отбасы күніне орай 9 «А» сынып оқушыларымен «Бір отбасы – бір игі іс» атты қайырымдылық және волонтерлік акциясы өткізілді.