«Алматым жүрегімде»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 3-сынып оқушылары арасында «Алматым жүрегімде» тақырыбында сурет байқауы өтті. Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сурет арқылы туған қалаға деген сүйіспеншілігін білдіруге мүмкіндік беру, Алматының әсем табиғаты мен көрікті жерлерін бейнелеу арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру.