«Өнерлі бала»
Оқушыларды шығармашылық белсенділікке баулу, дарынды балаларды олардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, ұсақ бұйымдармен жұмыс жасау арқылы қолөнерді жетілдіру, осы саладағы көркемдік дәстүрлерді сақтау мақсатында Алматы қаласы Жетісу ауданы #101 мектеп-гимназиясында «АЛМАТЫ БАЛАFEST» балалар фестивалі аясында «Өнерлі бала» тақырыбында аудандық қолөнер байқауы өткізілді. Байқауда білім беру ұйымдарының оқушылары аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.