«Лудомания – ойынқұмарлықтың зардабы»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №101 мектеп-гимназиясының 5 «Б» сынып оқушылары арасында «Лудомания – ойынқұмарлықтың зардабы» тақырыбында әңгіме сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға ойынқұмарлықтың мәнін түсіндіріп, оның адам өміріне тигізетін зиянды әсерлері туралы ой салу, саналы шешім қабылдауға тәрбиелеу болды.