Материалы за 05.12.2024 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Менің Қазақстаным»
05
желтоқсан
2024
«Менің Қазақстаным»
Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан деген сөздің өзі – қасиетті ұғым. Туған жер, Отан деген бір ыстық сөз, бұл сөз әр қашан жүрегіміздің лүпіліндей естіледі. Отан алдында қызмет ету – әр азаматтың парызы. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Smart bala» жобасы жоспарына сәйкес №101 мектеп-гимназияда «Менің Қазақстаным» атты оқушылардың шығармашылығынан макеттер байқауы ұйымдастырылды.
“Бірлік және ынтымақ”
05
желтоқсан
2024
“Бірлік және ынтымақ”
“Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік” демекші, берекенің барлығы осы бірлік пен ынтымақтан бастау алады. Халықтар арасындағы достастық пен ынтымақ еліміздің қарыштап дамуына үлкен жол салатыны сөзсіз. Ал еліміздің дамып, шетелдерде еңсесі биік болып, алдыңғы қатарда болуы әрине әрбір Қазақстандық ұлт өкілдерінің бір-бірімен өзара татулығы мен сыйластығының арқасы деп айтуға болады.  Мектебімізде “Бірлік және ынтымақ” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.