"Жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен болашағы" » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қазан
2025

"Жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен болашағы"

💡 2025 жылдың 1 қазан күні №101 мектеп-гимназияда Алматы қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жетісу ауданы мектептерінің директорлары, директордың орынбасарлары және мұғалімдеріне арналған "Жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен болашағы" тақырыбында үйрету семинары өтті.  
Спикер: Санжар Кенжеханұлы

📌 Семинардың мақсаты:  
Жасанды интеллекттің білім беру саласындағы қолданысын кеңінен талқылау.

🔎 Қатысушыларға оқыту мен оқуды тиімді ұйымдастыруға арналған бірқатар ЖИ құралдары таныстырылды:
- ✅ ЖИ негіздерімен таныстыру  
- ✅ ЖИ мүмкіндіктері мен қолдану салаларын көрсету  
- ✅ ЖИ-ді білім беру үдерісіне тиімді енгізу  
- ✅ ЖИ бойынша практикалық дағдылар қалыптастыру арқылы заманауи технологияларды тиімді пайдалануға үйрету

🔑 "Жасанды интеллект мүмкіндіктері – болашақтағы білім берудің кілті."  
Семинар барысында осы ұран негізінде ЖИ бойынша практикалық конкурс өткізілді.  
Нәтижесінде, мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Аблакиева Дилинур жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!!!