"Менің денсаулығым, менің болашағым!"
Мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан "Менің денсаулығым, менің болашағым!" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру.