Іс-шаралар » Страница 59 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін»
15
қазан
2022
«Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін»
9 «В» сыныбында «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді.  Мақсаты: Қыз бен ер баланың бойына тән өнерлік, тәлімдік қасиеттермен, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен таныстыру, бір-бірін шынайы құрметтеп қастерлей білуге,өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, эстетикалық тәрбие беру.
«Ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері»
14
қазан
2022
«Ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері»
"Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы" тақырыбында өтіп жатқан сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігі онкүндігінің жоспары аясында 11 сынып оқушылары арасында «Ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері» тақырыбында коучинг өткізілді. Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
"Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы"
13
қазан
2022
"Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы"
5 "Д" сыныбында "Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Тәрбиеленушілерді ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
“Мен өмірді сүйемін!“
11
қазан
2022
“Мен өмірді сүйемін!“
Мектебіміздің педагог-психологы 5 сыныптар арасында “Мен өмірді сүйемін!“ тақырыбында әңгімелесу жүргізді. Мақсаты: 5 сынып оқушыларының мектепке қалыптасу дағдысын анықтау. Мектепте сабаққа деген ынтасын көтеру және жақсы көңіл-күй жағдайын орнату.
"Кітап-өмір ұстазы"
07
қазан
2022
"Кітап-өмір ұстазы"
Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес және 101мектеп-гимназияның оқу-тәрбие жоспары негізінде мектебіміздің 2 сынып оқушыларымен "Кітап-өмір ұстазы" тақырыбында мектеп кітапханасына саяхат жасалды. Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
"Қазақтың Ұлы жазушысы"
27
қыркүйек
2022
"Қазақтың Ұлы жазушысы"
Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес және 101мектеп-гимназияның оқу-тәрбие жоспары негізінде мектебіміздің 10 сынып оқушыларымен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай "Қазақтың Ұлы жазушысы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру, "Абай жолы" роман – эпопеясымен таныстыру.
"Қарттарым-асыл қазынам"
27
қыркүйек
2022
"Қарттарым-асыл қазынам"
Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес және 101мектеп-гимназияның оқу-тәрбие жоспары негізінде мектебіміздің 2"Д" сыныбында "Қарттарым-асыл қазынам" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға тәрбиелеу.
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!"
13
қыркүйек
2022
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!"
Алматы қаласы Жетісу ауданы №101 мектеп-гимназияның 9 "Б" сынып оқушыларымен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" такырыбында ашық сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
«Отбасым – бақыт мекенім»
07
қыркүйек
2022
«Отбасым – бақыт мекенім»
Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес және 101мектеп-гимназияның оқу-тәрбие жоспары негізінде мектебіміздің 2"Б" сыныбында «Отбасым – бақыт мекенім» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.