Іс-шаралар » Страница 35 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұлы халық күні»
19
наурыз
2024
«Ұлы халық күні»
Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Бұл Қазақстанның ең сүйікті және ауқымды мерекелерінің бірі. Біздің ата-бабаларымыз көктемгі күн мен түннің теңесу күнін «Ұлы халық күні» деп атаған. Бұл терең тамыры бар мереке, бірлік пен береке мерекесі. Наурыз ұлы даланың мыңжылдық тарихынан бастау алады. Ол халқымыздың өмірін бейнелейді, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр өнерінің жоғары рухының өзегі. Наурыз күн күнтізбесі бойынша жаңарудың және жаңа жылдың басталуының мерекесі. Наурыз мерекесі қарсаңында
“Армысың, Әз-Наурыз”
19
наурыз
2024
“Армысың, Әз-Наурыз”
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында мектебіміздің 9 «Г» сыныбында “Армысың, Әз-Наурыз” атты ашық сабақ өткізілді.
«Өлкеме Наурыз келді»
19
наурыз
2024
«Өлкеме Наурыз келді»
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Халқымыз да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Мектебіміздің 5 «Д» сыныбымен «Өлкеме Наурыз келді» тақырыбында ашық
“Ұлттық киім”
18
наурыз
2024
“Ұлттық киім”
18 наурыз – Қазақстанда Наурыз мерекесінің бесінші күні. Бұл күні қазақстандықтар “Ұлттық киім” күнін тойлайды. Бұл мерекеде ұлттық киім кию арқылы әр азамат өз ерекшелігін, халықтардың бірлігі мен мәдениетін көрсетеді. Наурыз мейрамына, яғни Ұлттық киім күніне арналған флешмобқа #101 мектеп гимназия оқушылары белсенді қатысты.
«Шаңырағым-шаттығым»
17
наурыз
2024
«Шаңырағым-шаттығым»
17 наурыз – Шаңырақ күні. Бұл күн отбасылық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған. Отбасы құндылықтары жақын адамдарды жақындастыратын ережелер ғана емес, олар тәрбиенің негізі болып табылады. Олар адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуында елеулі рөл атқарады, толыққанды қарым-қатынастарды құру мен дамытудың негізіне айналады, отбасы мен жалпы қоғамның нығаюына көмектеседі. Наурыз мейрамы және Шаңырақ күніне орай мектебімізде «Шаңырағым-шаттығым» тақырыбында суреттер байқауы өтті.
«Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні»
16
наурыз
2024
«Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні»
16 наурыз «Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні» болып белгіленді. «Бұл күн мәдениетімізді, өнерімізді және ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналған. Қазақстанда өзіндік ерекше, қазақы мәдениет қалыптасты. Қазақстанның әрбір халқы өзінің мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын мұқият сақтайды.Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан және жастар қуана қабылдайтын көптеген салт-дәстүрлері бар. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында мектебіміздің 8 сынып оқушылары Ықылас
«Көрісу күні - амал мерекесін»
14
наурыз
2024
«Көрісу күні - амал мерекесін»
14 наурыз Қазақстанда «Көрісу күні - амал мерекесін» тойлайды. Бұл күні адамдар бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп жатады. Наурыз мерекесі қарсаңында мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері жасы үлкен кісілердің үйлеріне барып, амандасып, үй жұмыстарына көмектестіп қайтты. Өз кезегінде үлкендеріміз басынан өткен қызығушылықтарымен бөлісіп, жас ұрпаққа ризашылықтарын
«Көрісу күні - амал мерекесін»
14
наурыз
2024
«Көрісу күні - амал мерекесін»
14 наурыз Қазақстанда «Көрісу күні - амал мерекесін» тойлайды. Бұл күні адамдар бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп жатады. Наурыз мерекесі қарсаңында мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері жасы үлкен кісілердің үйлеріне барып, амандасып, үй жұмыстарына көмектестіп қайтты. Өз кезегінде үлкендеріміз басынан өткен қызығушылықтарымен бөлісіп, жас ұрпаққа ризашылықтарын
«Қайырымдылық күні»
14
наурыз
2024
«Қайырымдылық күні»
15 наурыз «Қайырымдылық күні» – Мейірімділік күні. Бұл күн бүкіл ел бойынша қайырымдылыққа, мейірімділікке және татулыққа арналған. Қайырымдылық және басқа да осындай іс-шараларды өткізу қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға, жанашырлық пен өзара көмек көрсету құндылықтарын қалыптастыруға көмектеседі. Аталмыш мереке күніне орай N101 мектеп-гимназияның ұстаздар ұжымы, оқушылардың ата-аналары аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 25 отбасына материалдық көмек көрсетті.