Іс-шаралар » Страница 28 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Smart bala»
27
қараша
2024
«Smart bala»
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Smart bala» жобасы аясында 8 сынып жастардың ой -өрісін дамыту «STARTUP» байқауы өткізілді. Байқау балалар мен жастардың арасында ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, сондай-ақ ғылым мен техника саласындағы жаңашыл идеяларды қолдауға бағытталған.
"Ұлттық киім"
26
қараша
2024
"Ұлттық киім"
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебімізде ұлттық киімдерді насихаттау мақсатында мектеп ұжымы бастаған флешмобты оқушылар қуана қолдап, бірге ат салысты. Ұлттық болмысты сақтау-рухани жаңғырудың ең басты шарты. Ұлттық болмысымызды және ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап қалу біздің басты міндетіміз!
“ Қыз бала - болашақ ана”
26
қараша
2024
“ Қыз бала - болашақ ана”
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу мақсатында 11 “А, Б” сынып қыздарымен мектеп медбикесі Чукенова Светлана Насымовна “ Қыз бала - болашақ ана” тақырыбында кездесу өткізді.
“Мектеп-қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ!”
25
қараша
2024
“Мектеп-қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ!”
9 А, Б сынып оқушыларымен “Мектеп-қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ!” тақырыбында конференция ұйымдастырды. Конференцияның негізгі мақсаты: зорлық -зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса педагог-психологтарға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндіру.
«Мен өмірді сүйемін»
21
қараша
2024
«Мен өмірді сүйемін»
Өмір деген тіршілік, қоршаған орта, адамның өзі. Өмірдің қызығы ол осы дүниенің сан қырлы жақтарын көру, білу, сезіну. Мектебіміздің 8 сынып оқушылары арасында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында сұхбат жүргізілді.
”Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу"
18
қараша
2024
”Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу"
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 14-қазанында Алматы қаласы Ювеналды полиция бөлімінің басшысы және Психикалық сауықтыру орталығының бас дәрігері *”Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу”* тақырыбында жалпы қалалық ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналысқа 101 мектеп-гимназияның ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.
«Қыз мінезімен келсін, ұл өнерімен келсін»
14
қараша
2024
«Қыз мінезімен келсін, ұл өнерімен келсін»
Ежелден ата-бабаларымыз қыздардың сұлу, сымбатты, икемді болуын армандаған. 101 мектеп-гимназияның 9 Г сыныбында ата-аналардың қатысуымен «Қыз мінезімен келсін, ұл өнерімен келсін» тақырыбында ашық сабақ өтті.
“Құтқарушыларға мың алғыс”
28
қазан
2024
“Құтқарушыларға мың алғыс”
ҚР Оқу ағарту министрлігінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұсынысы бойынша 2024 жылдың 2 қыркүйектен 15 қазанға дейін өтетін Құтқарушылар күніне арналған “Құтқарушыларға мың алғыс” атты челленджіне 101 мектеп-гимназияның Парламент мүшелері белсенді қатысты.
"Діни экстремизм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп"
28
қазан
2024
"Діни экстремизм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп"
Діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қауіптеріне жол бермеу мақсатында мектебіміздің 8 "Д" сыныбында "Діни экстремизм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп" тақырыбында ашық сынып сағаты өтті
«Сынып жетекшісі - тәрбие жүйесінің ұйытқысы»
15
қазан
2024
«Сынып жетекшісі - тәрбие жүйесінің ұйытқысы»
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушы тәрбиесі мен оларды бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге және іске асыруға жағдай жасау. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру тәрбиесі туралы, еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке дайындығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады. Сынып жетекшілер онкүндігінің жоспарына сәйкес Мухамметова Р.М сынып жетекшілерге «Сынып жетекшісі - тәрбие жүйесінің