УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қазан
2023

УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС

Алматы қаласы Білім басқармасы Жетісу аудандық білім бөлімінің 
«№101 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі лауазымдар бойынша
УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС жариялайды.
  1. Ұйғыр тілінде сабақ беретін мектепке информатика пәні мұғалімі - 1 маман (декреттегі мұғалім орнына)
Білім беру ұйымының атауы: Алматы қаласы Білім басқармасы «№101 мектеп-гимназия» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері:Алматы қаласы Жансүгіров көшесі №352 ғимарат
Пошталық мекенжайы:050014, Алматы қаласы Жансүгіров көшесі №352 
Телефон нөмірі:229-54-56
Электрондық пошта мекенжайы:schg_101_
Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін.
          Біліктілікке қойылатын талаптар: 
      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Алматы қаласы Білім басқармасы Жетісу аудандық білім бөлімінің «№101 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі хабарлама ЖАРИЯЛАНҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 2) Жеке  басын куәландыратын құжат көшірмесі;
 3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
  4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 7) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
 9) Біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) Педагогтың жетістіктері мен біліктілік арттыру курс сертификаттарының көшірмесі.
Конкурсқа қатысу үшін хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде  schg_101_ электронды почтасына жолдайды немесе индекс 050014, Алматы қаласы Жансүгіров көшесі №352 ғимаратында орналасқан №101 мектеп-гимназияға өткізеді.
АНЫҚТАМА ТЕЛЕФОНЫ: 229-54-56