Уақытша бос орындарға конкурс
Алматы қаласы Білім басқармасы Жетісу аудандық білім бөлімінің
«№101 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі лауазымдар бойынша
БОС ОРЫН МЕН УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС жариялайды.
- Ұйғыр тілінде оқытын сыныптарға педагог-дефектолог - 1 маман (декреттегі мұғалім орнына)
- Ұйғыр тілінде оқытын сыныптарға педагог-логопед - 1 маман (декреттегі мұғалім орнына)
Білім беру ұйымының атауы: | Алматы қаласы Білім басқармасы «№101 мектеп-гимназия» КММ |
Білім беру ұйымының орналасқан жері: | Алматы қаласы Жансүгіров көшесі №352 ғимарат |
Пошталық мекенжайы: | 050014, Алматы қаласы Жансүгіров көшесі №352 |
Телефон нөмірі: | 229-54-56 |
Электрондық пошта мекенжайы: | |
Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Алматы қаласы Білім басқармасы Жетісу аудандық білім бөлімінің «№101 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі хабарлама ЖАРИЯЛАНҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) Педагогтың жетістіктері мен біліктілік арттыру курс сертификаттарының көшірмесі.
Конкурсқа қатысу үшін хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде schg_101_ электронды почтасына жолдайды немесе индекс 050014, Алматы қаласы Жансүгіров көшесі №352 ғимаратында орналасқан №101 мектеп-гимназияға өткізеді.
АНЫҚТАМА ТЕЛЕФОНЫ: 229-54-56