07
қыркүйек
2021
«Оқуға құштар мектеп» орталығы
Кітап — адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін — тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы — кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзіе кенін түсінесің.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Аталған жобаның арқасында оқушылар мен жастардың көркем әдебиетке қызығушылығы артады, еліміздегі кітапханалардың материалдық-техникалық базасы нығаяды. Бұл жоба 2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдарының кітапханаларын дамыту жөніндегі жол картасы аясында жүзеге аспақ.
Жобаны жүзеге асыру аясында Алматы қаласы Жетісу ауданы №101 мектеп-гимназиясында заманауи «Оқуға құштар мектеп» орталығы ашылды. Қазіргі күнде орталық мұғалімдердің, оқушылардың және ата-аналардың кітап оқуын ұйымдастыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізіп келеді.