«Спорт – нашақорлыққа қарсы»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 101 мектеп-гимназияың 7-сынып оқушылары арасында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» атты спорттық ойындар сайысы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және зиянды әдеттердің алдын алу. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында достық қарым-қатынасты нығайту, ұйымшылдық пен жауапкершілікті қалыптастыру көзделді.