“Алматы -таза қала”
Алматы – әсем табиғатымен, тауларымен, мөлдір бұлақтарымен көз тартатын әдемі қала. Қаланың сұлулығы оның тазалығымен тікелей байланысты. Таза қала – тұрғындарының мәдениеттілігінің белгісі. Алматы – баршамыздың ортақ үйіміз. Сондықтан оны таза ұстау – біздің басты міндетіміз. “Алматы -таза қала” бағдарламасы аясында мектебімізде сынып сағаттары өтті.