Материалы за Қараша 2022 года » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“ЖИТС XXI ғасыр індеті”
30
қараша
2022
“ЖИТС XXI ғасыр індеті”
Мектебіміздің 8-11-сынып оқушылары арасында “ЖИТС XXI ғасыр індеті” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.
"Мейірімділік жүректен"
28
қараша
2022
"Мейірімділік жүректен"
Мектебіміздің 3 "Г" сынып оқушылары арасында "Мейірімділік жүректен" тақырыбында инвалидтер күніне арналған сынып сағаты өтілді. Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
«Қазыбек бидің нақыл сөздері”
25
қараша
2022
«Қазыбек бидің нақыл сөздері”
Мектеп кітапханасында «Қазыбек бидің нақыл сөздері” тақырыбында сұхбат жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларға, Қазыбек бидің нақыл сөздерін оқыта, талдай отырып, адамгершілікке, білімділікке, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
«Қолөнер – сырлы өнер»
24
қараша
2022
«Қолөнер – сырлы өнер»
Көркем еңбек пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қолөнер – сырлы өнер» атты 8-сынып оқушыларының арасында шығармашылық жұмыстарының көрмесі өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды ұлттық қолөнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, оның халықтың салт-тұрмысында алатын орнының қаншалықты маңызды екендігін ұғындыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық өнерді, ұлттық тәрбиені оқушылардың бойына сіңіру, қолөнерін дамыту.
"Өрт қауіпсіздігі"
22
қараша
2022
"Өрт қауіпсіздігі"
Мектебіміздің бастауыш сыныптарында "Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.