«Менің Республикам»
Көркем еңбек пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Менің Республикам» атты оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімдерге баулу; тәуелсіздікті сақтап, Отанды, елді, жерді қорғауға және көркейтуге деген жауапкершілік сезімдерін ояту; болашаққа сенімдерін қалыптастыру, саналы да білімді азамат болуға тәрбиелеу; қолөнерін дамыту.