Мероприятие » Страница 38 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №101»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 229-54-56
Бухгалтерия
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
«Балалармен бірге армандайық»
26
декабрь
2022
«Балалармен бірге армандайық»
Мектебіміздің педагог-психологы 11 сыныптар арасында «Балалармен бірге армандайық» тақырыбында тренинг жүргізді. Мақсаты: 11 сынып оқушыларына өмір құндылықтарын баяндау. Армандарына жету жолында мақсат құруды үйрету. Мектепте сабаққа деген ынтасын көтеру және жақсы көңіл-кдомжағдайын орнату.  
“Әке жолы - iзгiлiктiң iздерi”
26
декабрь
2022
“Әке жолы - iзгiлiктiң iздерi”
9 “А,Б” сынып оқушылары мен “Әке жолы - iзгiлiктiң iздерi” такырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу. Школьникам отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу.
"Бауырсақ"
23
декабрь
2022
"Бауырсақ"
Бастауыш сынып оқушылары арасында "Бауырсақ" ертегісінің желісі бойынша сахналық қойылым қойылды. Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызғушылықтарын арттыру. Бір – біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.
«ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ»
21
декабрь
2022
«ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ»
Мектебіміздің 5-8 сыныптарында «ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ»тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа, баулу.  
«ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗІНДЕГІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ»
20
декабрь
2022
«ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗІНДЕГІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ»
Мектебіміздің 8-11 сыныптары арасында  «ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗІНДЕГІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ»тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру. Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.  
"Тәуелсіздік-ел тірегі"
15
декабрь
2022
"Тәуелсіздік-ел тірегі"
Мектебіміздің 4"В" сыныбында "Тәуелсіздік-ел тірегі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.Тақырып бойынша сөйлесім жұмыстарын ұйымдастыру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру.  
«Отбасым-күншуағым»
13
декабрь
2022
«Отбасым-күншуағым»
Мектебіміздің 3-сынып оқушылары арасында «Отбасым-күншуағым» тақырыбында суреттер көрмесі болып өтті. Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
«Тәуелсіз Қазақстан жетістіктері»
12
декабрь
2022
«Тәуелсіз Қазақстан жетістіктері»
6 «В» сыныбында «Тәуелсіз Қазақстан жетістіктері» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елін, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш– қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
“Мұздағы мінез-құлық ережелері”
09
декабрь
2022
“Мұздағы мінез-құлық ережелері”
 5 “Б”, “В” сынып оқушылары арасында “Мұздағы мінез-құлық ережелері” тақырыбында әңгіме жүргізілді. Мақсаты: Күн суытып мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы мағлұмат беру: есту, көру арқылы өз бетінше логикалық ойлау қабілеттерін арттыру есте сақтау қабілетін дамыту, оқушыларды мұзда сырғанау ережесін мұқият сақтауға, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
"Менің Қазақстаным"
09
декабрь
2022
"Менің Қазақстаным"
Мектебіміздің 8 “Г" сынып оқушылары арасында  "Менің Қазақстаным" тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. Мақсаты:Оқушыларды отансүйгіштікке,туған елін құрметтеуге тәрбиелеу.