Материалы за Февраль 2025 года » Страница 5 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №101»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 229-54-56
Бухгалтерия
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Февраль 2025 года » Страница 5
“Мамандықтың бәрі жақсы”
07
февраль
2025
“Мамандықтың бәрі жақсы”
Білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдету, қызығушылықтарын арттыру мақсатында 9 сынып оқушылары арасында “Мамандықтың бәрі жақсы” тақырыбында қабырға газеттері байқауы өткізілді. Әр түрлі мамандық түрлеріне жеке тоқталып, еңбек адамдарына құрметпен қарау, қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеу керек екендігі туралы түсіндірілді.
“Цифрлық әлемде қауіпсіздік қадам”
06
февраль
2025
“Цифрлық әлемде қауіпсіздік қадам”
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында 10 “А” сыныбында “Цифрлық әлемде қауіпсіздік қадам” тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл сынып сағатында оқушылар интернет қауіпсіздігі мен жеке деректерді қорғау мәселелерін талқылады және қазіргі таңда цифрлық әлемде дұрыс бағытта жүрудің өте маңызды екенін түсінді.
“ Саналы ұрпақ -жарқын болашақ”
05
февраль
2025
“ Саналы ұрпақ -жарқын болашақ”
Саналы ұрпақ - елдің өсіп, өркендеуіне деген қадамдарын нақ әрі, күмәнсіз баса алатын, мемлекеттің дамуына үлес қосатын, өзінің өзгерумен қатар әлемді өзгертуге тырысатын білімді, жан-жақты жалындап жанып тұрған, ерік-жігері мықты жастар. 8 «А» сынып оқушылары арасында “ Саналы ұрпақ -жарқын болашақ” тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді.
«Әркімнің дауысы маңызды: демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі»
04
февраль
2025
«Әркімнің дауысы маңызды: демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі»
Демократиялық құндылықтарды қалыптастыру, оқушылардың құқықтық сана-сезімі мен мәдениетін арттыру, оқушыларды сайлаудың демократияның жұмыс істеуіне әсері туралы ақпараттандыру, оқушылар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Әркімнің дауысы маңызды: демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
“Бала құқығы-асыл қазына”
03
февраль
2025
“Бала құқығы-асыл қазына”
Мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры – жас ұрпақ. Өскелең ұрпақ қамын ойлау, балалық шақ­тың басымдығын мойында­татын терең моральдық құнды­лық екені де сөзсіз. Мемлекетіміз алғашқы қадамынан бастап-ақ бала құқықтары туралы әлемдік конвенцияға ерекше мән беріп, соның талаптарының аясында жұмыс жүргізумен келеді.  “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Бала құқығы-асыл қазына” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.