Материалы за Март 2025 года » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №101»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 229-54-56
Бухгалтерия
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
21 март – Ынтымақ күні
21
март
2025
21 март – Ынтымақ күні
21 март – Ынтымақ күні. Оның негізгі мақсаты – жалпы халық арасында татулық пен бірлікті насихаттау, бір-біріне деген құрметті арттыру. Көктем мерекесі – жаңарудың, жаңа өмірдің туылуының, жаңа мүмкіндіктердің символы, бұл уақытта жақын адамдарды, достарды, таныстар мен әріптестерді мерекемен құттықтау дәстүрге айналған. Мектебіміздің 5 «Б» сынып оқушылары баршаңызды Март мерекесімен құттықтайды!
“Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні”
20
март
2025
“Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні”
“Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні” аясында Алматы қаласы №101 мектеп-гимназиясында Азаматтық қорғаныс жоспарына сай ағымдағы жылдың 13 март күні 5 “В” сыныпында жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі бойынша объектілік сейсмикалық жаттығулар бойынша сынып сағатты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың төтенше жағдайдағы іс-әрекеті бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, оларды сабырлық пен өзін-өзі ұстай білуге және өзара қамқорлық пен төзімділікке үйрету.
«Зардап шеккен халықты жинау пункті»
19
март
2025
«Зардап шеккен халықты жинау пункті»
«Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні» аясында Алматы қаласы №101 мектеп-гимназиясында Азаматтық қорғаныс жоспарына сай ағымдағы жылдың 12 март күні 7-11 сынып оқушылары арасында «Зардап шеккен халықты жинау пункті» атты жаттығу сабақтары өткізілді. Жаттығу барысында жер сілкінісінен зардап шеккендерді жинау және есепке алу, панасыз қалған, зардап шеккен халықты эвакуациялау және қабылдау пункттерін орналастыру сияқты іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Біз қауіпсіз өмірді қолдаймыз!»
18
март
2025
«Біз қауіпсіз өмірді қолдаймыз!»
«Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні» аясында Алматы қаласы №101 мектеп-гимназиясында Азаматтық қорғаныс жоспарына сай ағымдағы жылдың 3 март күні 5 сыныптар арасында «Біз қауіпсіз өмірді қолдаймыз!» атты суреттер жарысы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың төтенше жағдайдағы іс-әрекеті бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, оларды сабырлық пен өзін-өзі ұстай білуге және өзара қамқорлық пен төзімділікке үйрету.