Іс-шаралар » Страница 12 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Менің Қазақстаным»
05
желтоқсан
2024
«Менің Қазақстаным»
Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан деген сөздің өзі – қасиетті ұғым. Туған жер, Отан деген бір ыстық сөз, бұл сөз әр қашан жүрегіміздің лүпіліндей естіледі. Отан алдында қызмет ету – әр азаматтың парызы. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Smart bala» жобасы жоспарына сәйкес №101 мектеп-гимназияда «Менің Қазақстаным» атты оқушылардың шығармашылығынан макеттер байқауы ұйымдастырылды.
“Бірлік және ынтымақ”
05
желтоқсан
2024
“Бірлік және ынтымақ”
“Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік” демекші, берекенің барлығы осы бірлік пен ынтымақтан бастау алады. Халықтар арасындағы достастық пен ынтымақ еліміздің қарыштап дамуына үлкен жол салатыны сөзсіз. Ал еліміздің дамып, шетелдерде еңсесі биік болып, алдыңғы қатарда болуы әрине әрбір Қазақстандық ұлт өкілдерінің бір-бірімен өзара татулығы мен сыйластығының арқасы деп айтуға болады.  Мектебімізде “Бірлік және ынтымақ” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
“Бірлік және ынтымақ”
03
желтоқсан
2024
“Бірлік және ынтымақ”
“Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік” демекші, берекенің барлығы осы бірлік пен ынтымақтан бастау алады. Халықтар арасындағы достастық пен ынтымақ еліміздің қарыштап дамуына үлкен жол салатыны сөзсіз. Ал еліміздің дамып, шетелдерде еңсесі биік болып, алдыңғы қатарда болуы әрине әрбір Қазақстандық ұлт өкілдерінің бір-бірімен өзара татулығы мен сыйластығының арқасы деп айтуға болады.  Мектебімізде “Бірлік және ынтымақ” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
 "Қыз тағдыры-ел тағдыры"
02
желтоқсан
2024
 "Қыз тағдыры-ел тағдыры"
Кешегi бойжеткен – бүгiнгi ана, ертеңгi әже емес пе? Бөбегiне бесiк жырын айтатын ана мен немересiне ертегi айтатын әженiң тағдыры бүгiнгi бойжеткенге тәуелдi. Қылығын қырық жанға жүк қылатын қызғалдақ қыздарымыздың бағыт-бағдары да, бет-бедерi де белгiлi.  Мектебіміздің 9"В" сынып қыздарымен "Қыз тағдыры-ел тағдыры" тақырыбында сұхбат жүргізілді.
“Әдеп пен ар ұят қыздың көркі”
29
қараша
2024
“Әдеп пен ар ұят қыздың көркі”
Әдептілік – барлық адамға жарасатын қасиет. Ол – адамның жасынан алған тәрбиесіне, өскен ортасына, төңіректегі адамдардың қарым – қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет. Адам әрқашан да бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі. Мектебіміздің 8 сынып оқушылары арасында “Әдеп пен ар ұят қыздың көркі” тақырыбында әңгіме жүргізілді.
«Дюймовочка»
28
қараша
2024
«Дюймовочка»
№101 мектеп-гимназияда Гуманитарлық пәндер кафедрасының онкүндігі шеңберінде ұйғыр тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.А.Имиров, М.М.Савутова вә Р.М.Мухамметовалардың ұйымдастыруымен "Бала және театр" жобасы аясында Х.К.Андерсеннің «Дюймовочка» ертегісі негізінде ұйғыр тілінде жазылған «Рәнагүл» ертегісі сахналандырылып, 5-6 сынып оқушыларына көрсетілді. Ертегінің әр бір кейіпкерінің рөлін орындаған оқушылар өз таланттарымен көрермендер көңілінен шықты. Көрсетілімге қатысқан мектеп
«Smart bala»
27
қараша
2024
«Smart bala»
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Smart bala» жобасы аясында 8 сынып жастардың ой -өрісін дамыту «STARTUP» байқауы өткізілді. Байқау балалар мен жастардың арасында ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, сондай-ақ ғылым мен техника саласындағы жаңашыл идеяларды қолдауға бағытталған.
"Ұлттық киім"
26
қараша
2024
"Ұлттық киім"
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебімізде ұлттық киімдерді насихаттау мақсатында мектеп ұжымы бастаған флешмобты оқушылар қуана қолдап, бірге ат салысты. Ұлттық болмысты сақтау-рухани жаңғырудың ең басты шарты. Ұлттық болмысымызды және ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап қалу біздің басты міндетіміз!
“ Қыз бала - болашақ ана”
26
қараша
2024
“ Қыз бала - болашақ ана”
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу мақсатында 11 “А, Б” сынып қыздарымен мектеп медбикесі Чукенова Светлана Насымовна “ Қыз бала - болашақ ана” тақырыбында кездесу өткізді.
“Мектеп-қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ!”
25
қараша
2024
“Мектеп-қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ!”
9 А, Б сынып оқушыларымен “Мектеп-қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ!” тақырыбында конференция ұйымдастырды. Конференцияның негізгі мақсаты: зорлық -зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса педагог-психологтарға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндіру.