05
желтоқсан
2024
«Менің Қазақстаным»
Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан деген сөздің өзі – қасиетті ұғым. Туған жер, Отан деген бір ыстық сөз, бұл сөз әр қашан жүрегіміздің лүпіліндей естіледі. Отан алдында қызмет ету – әр азаматтың парызы. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Smart bala» жобасы жоспарына сәйкес №101 мектеп-гимназияда «Менің Қазақстаным» атты оқушылардың шығармашылығынан макеттер байқауы ұйымдастырылды.
