27 мамырда №101 мектеп-гимназияда “Жазғы мектеп” сабақтарын ұйымдастыру аясында 6 - сынып оқушыларымен математика пәнінен сабақ өтілді. Сабақ кезінде қиындық тудырған оқу мақсаттары бойынша оқушылар білімдерін толықтырып, түрлі есептер шығарып, тапсырмалар орындау арқылы белсенділік танытты.