19
ақпан
2024
"Сабақтарда белсенді оқытудың түрлі тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту" тақырыбында өтілген қалалық семинар


Алматы қаласы №101-мектеп-гимназиясында «Ұйғыр тілі және әдебиеті сабақтарында белсенді оқытудың түрлі тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында өтілген қалалық семинар бойынша есеп
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бекіткен жоспары негізінде 2024-жылдың 9-ақпан күні №101-мектеп-гимназиясында ҚББЖТҒӘО-ның ұйғыр тілі және әдебиеті пәндерінің әдіскері Шакретова Қаламқас Базарбаевнаның ұйымдастыруымен «Ұйғыр тілі және әдебиеті сабақтарында белсенді оқытудың түрлі тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткілзілді. Семинарға ҚББЖТҒӘО-ның ұйғыр тілі және әдебиеті пәндерінің әдіскері Шакретова Қаламқас Базарбаевна және №153 МГ, №101МГ, №150ЖББМ, №156ЖББМ, №89ЖББМ-тердің ұйғыр тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Семинар белгіленген уақытында басталып, оны мектеп-гимназияның директоры Ниязова Х.А. кіріспе сөзбен бастады. Одан кейін мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасарлары Мижитова Г.Н, Аблапова Г.Қ. «Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
8 «В» сыныбында ұйғыр тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Савутова М.М. «ЭКСПО -2017. Астана» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында Савутова М.М. көптеген жаңа тәсілдерді пайдаланды. Орынды пайдаланылған әдіс-тәсілдер оқушылардың сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізуге көмектесті. Ұстаз бен оқушының арасындағы кері байланыста оқушылардың сабақты толығымен түсінгендігі байқалды.
2-ашық сабақты 5 «А» сыныбында мектептің ұйғыр тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухамметова Р.М. «Хелил Һәмраевниң «Дәстихан» шеири» тақырыбында өткізді. Мухамметова Р.М. өз сабағында заманауи технологияларды пайдаланып, оқушылармен топтық, жеке жұмыстарды жүргізді. Берілген тапсырмаларды өз уақытында, үлкен қызығушылық танытып орындаған оқушылар сабақта өте жоғары белсенділік танытты. Балалардың сабаққа болған қызығушылығы әрбір әрекетте байқалды. Сабақта оқушылар өзін-өзі бағалап, кері байланыс кезінде сабақты толығымен түсінгендігі байқалды.
Сонымен қатар мектебіміздің ұйғыр тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Рахмидинова Ш.С., Юнусова Г.С, Имиров А.А, Хамраева Р.А-лар тарапынан «Аталар сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында әдеби-музыкалық қойылым көрсетілді. Бұл қойылым барысында оқушылар қызық әзілдерді айтып, семинар қатысушыларының көңіл-күйін көтерді. Сонымен бірге балалар жазушы Авут Мәсимовтың «Сәгәк ғораз» атты ертегісін көрсетті. Сахнаға шыққан оқушылар өздерінің дарындылығын, шеберлігін көрсетіп, қонақтардың көңілінен шықты.
Семинар қатысушылары семинардың соңында өз пікірлерін білдіріп, семинардың өте жоғары дәрижеде өткендігін, семинардан өздеріне пайдалы көп нәрселерді алғандықтарын айрықша атап өтті және семинарды дайындаған №101 мектеп-гимназияның әкімшілігі мен ұйғыр тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне үлкен алғысын білдірді.