06
сентябрь
2021
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу
2021 жылдың 06 сентябрь күні мектеп-гимназияның бракеражды комиссиясының мүшелері тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында асхананы кезекті бақылаудан өткізді.
Мектептегі тамақтануды ұйымдастыруды тексеру қортындысы бойынша:
- Мектеп асханасының жабдығы мен инвентарларының жағдайы талаптарына сай;
- Тамақ әзірлеуге арналған технологиялық құралдары бар, талапқа сай.
- Асхана инвентарлары белгіленген, талаптарға сай сақталуда.
- 4 апталық-күндік болжам менюі бар, тамақ салмағы көрсетілген; күнделікті меню директормен бекітілген; меню құрамына: ет, сүт тағамдары, балық, ірімшік, жұмыртқа, шырын, кондитерлік тағамдар, нан тағамдары, көкөністер мен жемістер:
- Азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттары бар;
- Тағамның өндірілуі бекітілген технологиялық карта мен рецепттер жиынтыққа сай;
- Дайын өнімнің бағасы – «жақсы». Иісі, түсі, консистенциясы бекітілген рецептураға сай. Тағам – аз тұздалған.
- Аспазбен тағамдардың тәуліктік сынағы жүргізіледі, сақталу ережесі нормаға сай.
- Асхана жұмыскерлері мен асханаға кіруге рұқсаты бар тұлғалардың жеке бас гигиеналары санитарлық ережелер мен нормативтерге сай;
- Еңбекті қорғау ережелері сақталған, өрт және электр қауіпсіздігіне арналған құрал-жабдықтары бар екендігі анықталды.
Шешімі:
Тамақ өнімдерінің сапасы,тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.
Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған
Азық –түліктердің сақталу мерзімі талапқа сай
Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемі өз денгейінде.