2

Мен Алматы қаласының ең қабілетті оқушыларымен бірге «Дарын» ғылыми орталығының қолдауы арқасында Байқоңыр қаласында 2-6 апрельде өткізілген «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарышты зерттеу бойынша Халықаралық ғылыми жобалар сайысына барып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болдым. Марапаттау кезеңінде мен жетістігімді естігенде төбем көкке жеткендей болды, себебі мені осы жобаға дайындаған мұғалімнің, үйде күтіп отырған ата-анамның үмітін ақтағандай болдым және де бұл менің болашақ өмірге басқан нық қадамымның бастамасы болып, жарқын болашағымның бейнесіне айналды. Байқоңыр қаласына барып, атақты ғарышкерлер мен конструктор ғалымдардың басқан ізімен жүріп, ғарыш тарихын өз көзіммен көріп, қолыммен ұстап көру құқығына ие болу - мен үшін үлкен бақыт. Юрий Гагарин аавгустдың үйін көріп, Челомей атындағы мектеп қабырғасында, кейін Королев атындағы мәдениет үйінде жүріп, мен бір ерекше сезімде болдым.Тіпті «Буран» кемесіне кіріп,бір сәт болса да өзімді ғарышта болғандай сезіндім. Әрине, бұндай бақытқа, жетістікке, арманыма жетуім, ұстаздарымның маған сіңірген еңбегінің жемісі. Сондықтан менің ұстаздарыма айтар алғысым шексіз...