Жетісу ауданы Білім бөлімінің және NUR OTAN партиясы филиалының қолдауымен 101 мектеп-гимназияның оқу-тәрбие жоспары негізінде “Құқықтық сауаттылық-ата заңы"тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасының оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдында жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету ,алдына мақсат қоя білуге баулу, заң саласынан ақпарат беру. Конституцияны құқықтық нормативтік актілерді орындай ,құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке , елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, заң негізіздерін білу.