«Шынықсаң шымыр боласың» » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №101»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 229-54-56
Бухгалтерия
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
18
декабрь
2019

«Шынықсаң шымыр боласың»

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. «Шынықсаң шымыр боласың», деген қағиданы ұстана отырып, 16 декабрь -ТӘУЕЛСІЗДІК күні мерекесіне орай ЖЕТІСУ ауданы 101 мектеп-гимназияның директоры Ниязова Хуршидам Абдуллаевнаның басшылығымен мектеп ұстаздары арасында волейбол ойынынан спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Ондағы негізгі идея ұстаздарды салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар, ал жастардың тағдыры ұстаздардың қолында.
Спорт сенің серігің-
Жанға дауа, қолға күш.
Сергітетін адамды-
Қимыл менен қозғалыс, - дегендей 101 мектеп-гимназияның ұстаздары бос уақытында спортпен айналысуды ұмытпайды.

View this post on Instagram

адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. «Шынықсаң шымыр боласың», деген қағиданы ұстана отырып, 16 декабрь -ТӘУЕЛСІЗДІК күні мерекесіне орай ЖЕТІСУ ауданы 101 мектеп-гимназияның директоры Ниязова Хуршидам Абдуллаевнаның басшылығымен мектеп ұстаздары арасында волейбол ойынынан спорттық жарыс ұйымдастырылды. Ондағы негізгі идея ұстаздарды салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар, ал жастардың тағдыры ұстаздардың қолында. Спорт сенің серігің- Жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- Қимыл менен қозғалыс, - дегендей 101 мектеп-гимназияның ұстаздары бос уақытында спортпен айналысуды ұмытпайды. @zhetisu_roo @edu.almaty @khurshidamn @sanaly.urpaq @omarov6072 @kikimov_maksat @vyacheslav_vavilin

A post shared by Школа-гимназия 101 (@shkola_101) on