Мероприятие » Страница 23 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №101»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 229-54-56
Бухгалтерия
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
«Ұрпақ тәрбиесін қалыптастырудағы салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні»
06
февраль
2024
«Ұрпақ тәрбиесін қалыптастырудағы салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні»
Ұлтты ерекшелейтін ол оның тілі, діні және ғасырлардан жеткен рухани темірқазығы саналатын асыл қазынасы, яғни – салт-дәстүрі. Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі өзіндік тарихи тағылымы бар. Өткеннің бай рухани мұрасы болған салт-дәстүрсіз тарихты елестету мүмкін емес. Салт-дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатында мектебіміздің 8 «Е» сыныбында «Ұрпақ тәрбиесін қалыптастырудағы салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер»
05
февраль
2024
«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер»
Жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. Ата-бабасының есімдерін шежіреге жазып, әкесінен бастап, атасын, одан кейінгі ата-бабаларын, яғни жеті атасын жатқа айтатын болған. Олардан тараған ұрпақ бір атаның балалары деп есептелген. Жеті атадан тараған ұрпақ жеті рулы елге айналады. Осыған орай оқушыларға 3 «В» сынып жетекшісі «Ата өсиеті, «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» атты аталармен және оқушылармен кездесу ұйымдастырды.
«Кәсіптік бағдар беру бағдарламасы»
05
февраль
2024
«Кәсіптік бағдар беру бағдарламасы»
«Алматы қаласының еңбек ұтқырлығы орталығы» өкілі Еркеш Садыкқызы Жакупова 05.02.2024ж  күні Жетісу ауданы, №101 мектеп-гимназияның 9,11 сынып оқушыларына «Кәсіптік бағдар беру бағдарламасы» тақырыбында лекция оқыды.
«Бірге істей аламын»
26
январь
2024
«Бірге істей аламын»
«ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын» акциясы аясында мектебіміздің жоғарғы сынып оқушылары аталмыш акцияның негізгі бағыттарымен танысып, досына көмек беру мақсатында «Бірге істей аламын» формуласы бойынша бір-біріне көмектесіп, бұйым жасауды үйренді. Қыз-жігіттер өздерінің құрбыларымен өмірде жүзеге асыратын көптеген қызықты идеяларды ортаға қойып, жұмыс істеу дағдыларын жүзеге асырды.
«Досбол ЛАЙК: достық қолын ұсын»
26
январь
2024
«Досбол ЛАЙК: достық қолын ұсын»
Дос деген – киелі түсінік. Көңілі бір, ортақ адамдар ғана бір-бірімен дос бола алады. «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам», «Досы көпті жау алмайды», «Жолдасы көптің олжасы көп» дейді халқымыз. Өзін шынайы дос санайтын адамның көңілі кіршіксіз келеді. Досына деген пейілі ақ, көңілі пәк болады. Қазақстанда «Досбол ЛАЙК: достық қолын ұсын» акциясы басталды. 4 «В» сынып оқушылары аталмыш акцияның негізгі бағыттарымен танысты. DosbolLIKE проект балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытуға
“Бопсалаудан қалай қорғануға болады”
18
январь
2024
“Бопсалаудан қалай қорғануға болады”
Бопсалаушылық— қылмыстық әрекет. Зорлық көрсету, мүлікті жойып жіберу не бүлдіріп тастау, сондай-ақ жәбірленушіні, оның туыстарын масқаралайтын,олардың мүдделеріне елеулі нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату, жариялау қаупін төндіре отырып, бөгде біреудің мүлкін немесе мүлікті иелену құқын беруін, сондай-ақ, мүліктік сипаттағы басқалай іс-әрекеттер жасауын талап етеді.Мектебіміздің 7 сынып оқушылар арасында “Бопсалаудан қалай қорғануға болады” тақырыбында баяндама өткізілді.
«Менің елім-Қазақстан»
15
январь
2024
«Менің елім-Қазақстан»
Қазақстан - менің туған елім, менің сүйікті Отаным! «Отан — отбасынан басталады» деген халқымыз. Әрине, әр балаға Отаны болып өзінің отбасы, туған үйі саналады. Ал басқа әлем оған бөтен болып көрінеді. Мектебіміздің 1 “В”-сыныбында «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
“Діни экстремизм және терроризмге жол жоқ!”
11
январь
2024
“Діни экстремизм және терроризмге жол жоқ!”
Экстремизм деген латын сөзі “шеттеу”, яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Терроризм қазіргі таңда әлем індеті. “Terror” латын сөзі қорқыныш, үрей дегенді білдіреді. Мектебіміздің 8 “В” сыныбында “Діни экстремизм және терроризмге жол жоқ!” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  
“Қазақстан тарихында саяхат”
15
декабрь
2023
“Қазақстан тарихында саяхат”
Тәуелсіздік күні – тарихтың жүздеген беттері мен елге деген шынайы махаббат тоғысқан ерекше мереке. Қазақстан үшін мұндай күн 1991 жылдың 16 декабрьы болды. Өзіңді толыққанды азамат ретінде сезіну үшін мемлекетіміздің тарихын білу керек. Жаңа фактілерді білу арқылы біз еліміздің қандай жолды басып өткенін түсіне бастаймыз және халқымыздың менталитетін жақсы түсіне бастайсыз. Мектебіміздің 9Б,В-сынып оқушыларымен “Қазақстан тарихында саяхат” тақырыбында конференция өтілді.
“Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз”
14
декабрь
2023
“Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз”
Қазіргі таңда тәуелсіздік – баршамызға ерекше қасиетті күн. Бірлік, ынтымақтастық пен татулық күні. Еліміздің тәуелсіздігі халқымыздың бақыты, ғасырлар бойы аңсаған арманы. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебіміздің 9 “А” сыныбында “Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.