Мероприятие » Страница 15 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №101»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 229-54-56
Бухгалтерия
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
“Отбасы күні - махаббат пен адалдықтың белгісі”
10
сентябрь
2024
“Отбасы күні - махаббат пен адалдықтың белгісі”
Отбасы – адам өмірінің тамаша кезеңдері жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы күні қарсаңында мектебіміздің 9 “А”, “Б” сынып оқушылары арасында “Отбасы күні - махаббат пен адалдықтың белгісі” тақырыбында конференция өтті.
“Language is a soul of people”
09
сентябрь
2024
“Language is a soul of people”
Тіл қандай ұлтта болмасын әрқашанда қасиетті де құдіретті.Ол әрбір адамға ананың ақ сүтімен дарып,мәңгілік қалыптасады.Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет .Елімізді мекен еткен өзге ұлт өкілдері қазақ халқының салт -дәстүрін,ұлттық тілін қастерлеуде. 5сентябрь Қазақстан халқы тілдері күні мейрамы құтты болсын!#101МГ ағылшын тілі кафедра мұғалімдері тарапынан “Language is a soul of people” тақырыбында осы мерекеге орай іс -шара өткізілді.
«Отбасы күні – махаббат пен адалдықтың белгісі»
06
сентябрь
2024
«Отбасы күні – махаббат пен адалдықтың белгісі»
Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. 3 сыныптар арасында «Отбасы күні – махаббат пен адалдықтың белгісі» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Сурет көрмесінің негізгі мақсаты балалалардың отбасына деген мейірімін, махаббатын,
«Тіл – татулық тірегі»
06
сентябрь
2024
«Тіл – татулық тірегі»
Елімізде Қазақстан халқы тілдері күні 1998 жылғы 20 январьда сентябрьтің үшінші жексенбісі етіп бекітілген болатын. Ал 1989 жылы 22 сентябрь күні «Тіл туралы» заң қабылданды. Осы уақытқа дейін 22 сентябрь күні тойланатын мейрамның 2017 жылы күні өзгерді. Бұдан былай мейрам 5 сентябрь күні аталып өтіледі. Бұл мереке туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған. Мереке қарсаңында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті
«Менің бақытты отбасым»
05
сентябрь
2024
«Менің бақытты отбасым»
Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр. Адам баласы өмірді отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады. Ата-анасы, бауырлары баланың өмірінде үлкен рөл атқарады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,» – деп бекер айтылмаса керек.
“Мен отбасымды құрмет тұтамын”
04
сентябрь
2024
“Мен отбасымды құрмет тұтамын”
Отбасы- адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен, қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын аяулы жандар. Отбасының тірегі-сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы күні қарсаңында мектебіміздің 8 сынып оқушылары арасында “Мен отбасымды құрмет тұтамын” тақырыбында эссе байқауы өтті.
“Менің Отаным -Қазақстан”
02
сентябрь
2024
“Менің Отаным -Қазақстан”
2024 жылдың 2 сентябрь күні #101 мектеп-гимназияда “Менің Отаным -Қазақстан” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының барысында білім алушылардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, жаңа оқу жылынан қандай нәтиже күтетіндігі, “Оқуға құштар мектеп” проект ның аясында жазғы демалыста оқыған кітаптары талқыланды.
“Мектебім-мейірім мекені”
01
сентябрь
2024
“Мектебім-мейірім мекені”
2024-2025 оқу жылының 1 сентябрь білім күні “Мектебім-мейірім мекені” тақырыбында 1,11 оқушылары арасында салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты іс-шараның негізгі мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
«Бала еңбегі - қанаушылық»
10
июнь
2024
«Бала еңбегі - қанаушылық»
Бала еңбегін қанау мәселесі бүкіл әлемде орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен нұқсан келтіреді. Баланың дұрыс дамып жетілуіне ата-ана жауапты. Сондықтан да бала жазғы демалыс уақытында ата-анасы және бауырларымен көңілді де қызықты, яғни есте қаларлықтай ғып өткізуі керек. Мектебіміздің 8 сынып оқушыларымен «Бала еңбегі - қанаушылық» тақырыбында қашықтықтан суреттер байқауы өткізілді.
“Көңілді жаз”
07
июнь
2024
“Көңілді жаз”
Алматы қаласы Жетісу ауданы 101 мектеп-гимназияның жанынан ашылған “Қуяш” атты жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары арасында “Көңілді жаз” эстафеталық жарысы өткізіліп, балалар “Қуыршақ театрының” қойылымын көрді.