«Қош бол, жазғы лагерь!» / "Прощай, летний лагерь!» » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №101»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 229-54-56
Бухгалтерия
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » «Қош бол, жазғы лагерь!» / "Прощай, летний лагерь!»
09
июнь
2025

«Қош бол, жазғы лагерь!» / "Прощай, летний лагерь!»

“Шаңырақ” этнолагерінің жұмыс жоспарына сәйкес «Қош бол, жазғы лагерь!» атты қорытынды іс-шара ұйымдастырылды.
Күн таңғы сергіту жаттығуымен басталып, балалардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділікке баулыды. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлең оқыды. Сонымен қатар, олар лагерьде өткен қызықты сәттерін еске алып, әсерлі естеліктерімен бөлісті.
Балалар лагерьдегі тәрбиешілер мен мұғалімдерге алғыстарын білдірді. Бұл шара балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайтты.
Іс-шара соңында лагерьдің жабылу салтанаты өтті. Бұл күн балалар үшін ұмытылмас естелікке айналып, олардың жазғы демалысын жарқын әрі мазмұнды етіп аяқтады.