27
май
2025
«Ұлттық аспаптар» күні / День» национальных инструментов"
Этнолагерь аясында өткізілген «Ұлттық аспаптар» күні ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттауға бағытталды. Оқушылар қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспаптарымен танысып, олардың шығу тарихы мен қолданылу ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Домбыра, қобыз, сазсырнай сияқты аспаптардың үні тыңдалып, кейбір оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Күн танымдық әрі тәрбиелік мәнде өтті, балалар үлкен қызығушылық танытты.


