Салауатты тамақтану бойынша түсіндірме жұмыстары
Барлық сыныптарда оқушыларға салауатты тамақтану және тамақтану мәдениеті туралы түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет. Бірінші кезекте тамақтану мәдениетіне көңіл бөлуіміз қажет.