ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ТУРАЛЫ/О СОБЛЮДЕНИИ ПРАВИЛ БЕЗОПАСНОСТИ ПОВЕДЕНИЯ УЧАЩИХСЯ НА ДЕТНИХ КАНИКУЛАХ » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ТУРАЛЫ/О СОБЛЮДЕНИИ ПРАВИЛ БЕЗОПАСНОСТИ ПОВЕДЕНИЯ УЧАЩИХСЯ НА ДЕТНИХ КАНИКУЛАХ
12
мамыр
2025

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ТУРАЛЫ/О СОБЛЮДЕНИИ ПРАВИЛ БЕЗОПАСНОСТИ ПОВЕДЕНИЯ УЧАЩИХСЯ НА ДЕТНИХ КАНИКУЛАХ

Педагогикалық кеңесте оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау туралы мәселе қарастырылды.
Мектеп директоры оқушылардың жаздық демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау туралы тоқталып өтті.
Әрбір сынып жетекшіге оқушылардың жаздық демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша ата-аналарға және оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы айтылды.
Іnstagram және Facebook парақшаларында, сондай-ақ ата-аналардың чаттарында "Көшеде, жолдарда, су айдындарында және басқа да қауіпті жерлерде өзін қалай ұстау керектігі туралы деген жалпы атаумен жадынамалар мен бейнелерді орналастыру туралы айтты.
23 мамырға дейін балалар мен ата-аналар арасында көшеде, жолдарда, су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтау, терезелерден құлау, өрт қауіпсіздігі, ойын алаңдарында, атракциондарда және т. б. бойынша нұсқама өткізу қажетТІГІ ЕСКЕРТІЛДІ.
Балалардың демалып және сау болуы үшін, ата-аналармен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керектігін түсіндіру қажет; 
Балалар үшін жазда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ең алдымен ата-ананың міндеті. Баламен қауіпсіздікті сақтау  ережелері:  судағы қауіпсіздік,  жолда жүру ережелері,  отпен мұқият болу, балалардың үйдегі және табиғаттағы қауіпсіздігі, баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі туралы әңгімелесу керектігін ескертіңіздер. Балалардың қалыпты дамуына нәсілшіл және экстремистік сайттар, есірткілер, порнография туралы ашық ақпарат және т.б. қауіп төндіреді. Интернет қойнауы адамгершілік қатерін ғана емес, сондай – ақ зиянды бағдарламалардың: құрттар, вирустар, «қоңырау шалушы» күштеріне байланысты әмиянға да қауіп төндіреді. Өз балаларын интернет арқылы еркін жүзуге жібереу туралы айтыңыздар. 
Баланың бос уақыты мәселесін шешудің маңыздылығы туралы айту қажет.
Әрбір сынып жетекші ата-аналарды және оқушыларды «Қауіпсіз каникул–2025» жазғы демалыс кезінде балалар   қауіпсіздігі туралы жадынамамен таныстыру қажет.