Конкурс нәтижесі » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
қараша
2023

Конкурс нәтижесі

Мұғалім лауазымдарының   уақытша бос орыны және уақытша бос орынға 
өткізілген конкурстық комиссия отырысының хаттамасы
Алматы қаласы Білім басқармасы «№101 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(мектеп атауы)
06.10.2023 жыл
Конкурстық комиссияның құрамы:
Комиссия төрайымы:          1. Ниязова Х.А.– МГ директоры
Комиссия мүшелері:           
  1. Наймангельдиева Г.К. – Жетісу аудандық білім бөлімінің әдіскері
  2. Мырсакиева Х.С. – директордың оқу істері бойынша орынбасары
  3. Садирова   М.Н.    – кәсіподақ  төрайымы
  4. Талипов А. – қамқорлық кеңесінің мүшесі
Шақырылғандар: 
  1. Аблапова Г.К. – директордың оқу істері бойынша орынбасары
  2. Избакиева М.Т. - директордың оқу істері бойынша орынбасары
  3. Рахмидинова Ш.С. - әдістемелік кафедра және бірлестік жетекшісі
        Конкурстық комиссияның хатшысы - ДОІЖО Г.Н.Мижитова
Аудио-бейнежазба, фотосуреттер және олардың сақталауын қамтамасыз ету үшін жауапты:   информатика пәні мұғалімі М.И.Худакулиева және биология пәні мұғалімі Д.Ш.Карлинова
КҮН ТӘРТІБІ
  1. Информатика мұғалімі лауазымының уақытша бос орынға орналасуға 28.11.2023ж. берілген Еnbек.кz сайты арқылы берілген вакансия нәтижесін қарастыру. 
Тыңдалды
Мектеп-гимназия директоры Х.А.Ниязова отырыс қатысушыларын күн тәртібімен таныстырды
Сөйледі
 Мектеп-гимназия директоры Х.А.Ниязова
  • Білім беру мекемесінің 2023 жылғы 17 тамызда №146 бұйрығы негізінде құрылған Конкурстық комиссиясының құрамымен және шақылғандармен таныстырды. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасы және «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы, бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 №568 бұйрығымен таныстырды. 
Информатика пәні мұғалімінің уақытша бос орын лауазымына кандидат қабылдау бойынша хабарлама Еnbек.кz сайтына қыркүйек, қазан, қараша айларында екі апта сайын салынды. Барлық хабарламалар бойынша өз кандидатын ұсынғандармен телефон арқылы хабарласып отырдық. Бірақ кандидаттар мектеп ұйғыр тілінде оқытатын болғандықтан конкурсқа қатыспайтындықтарын айтты.
Еnbек.кz сайты арқылы кандидаттарға 28 қараша салынған хабарламаға Тилвалдиева Равиям Юлдашовна ұсыныс білдірді және  шақыртылған уақытта келіп конкурсқа 29.11.2023ж. сағат 15.00 қатысты. 
               Педагогтің уақытша бос лауазымға кандидаттардың бағалау парағын қарастыру нәтижесі:
АЖТУақытша бос орынБаллКонкурс нәтижесіБас тарту себебі
1Тилвалдиева Равиям ЮлдашовнаИнформатика пәні мұғалімі14Бос орынға ұсынылды-
  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Тилвалдиева Равиям хабарландыруда және аталған бұйрықтың 107 тармағында көрсетілген құжаттарды қағаз түрінде толық өткізді, комиссия мүшелері тарапынан құжаттары қаралып, кандидаттың бағалау парағы толтырылды.
Конкурстық комиссия отырысының шешімі:
  1. Конкурстық комиссияға қатысқан педагог, информатика пәні мұғалімі  Тилвалдиева Равиям конкурс талаптарына сәйкес келетіндіктен   01.12.2023ж. бастап  уақытша бос лауазымға қабылдансын;
  2.  Конкурстың нәтижелері білім беру ұйымының Интернет-ресурсында жариялансын;

Похожие публикации:

27 қыркүйек 2023 Конкурс нәтижесі
27 қыркүйек 2023 Конкурс нәтижесі