"Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні" » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ақпан
2021

"Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні"


"Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні" 
№101 МГ өткізілген іс-шаралар есебі.
Алматы қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 9-ақпан 2021 жылғы №  21-02-10/308-И хаты негізінде Алматы қаласы Білім басқармасының «№101 мектеп-гимназия» КММ-де  "Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін" өткізу бойынша бір қатар іс-шаралар атқарылды. 
"Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін" ұйымдастыру мақсаты:  оқушылар мне қызметкерлерге төтенше жағдайдағы іс-әрекеті бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, оларды сабырлық пен өзін-өзі ұстай білуге және өзара қамқорлық пен төзімділікке үйрету.
Бірінші кезекте "Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін" өткізу үшін комиссия құрамы бекітілді. Комиссия мүшелері Алматы қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының жалпы білім беретін мектептердегі "Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін" өткізудің әдістемелік нұсқаулығымен танысып шықты. Нұсқаулыққа сәйкес мектеп директорының бұйрығы, іс-шаралар жоспары жасалып, әрбір іс-шараға  жауапты адамдар тағайындалды.
10.02.2021ж күні №101 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушылары арасында апаттар қаупін және төтенше жағдайларды азайту, олардан сақтану шаралары жайлы ақпарат беру мақсатында бойынша спикер Ақжан Бауыржанова мен Самал Сұғырали оқушыларға төтенше жағдайлар туралы ақпараттар беріп, “Апаттар қаупін азайту” тақырыбында сабақты онлайн-форматта өткізді.
Мақсаты: 
Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеру.
Барлық іс-шаралар мектептің инстаграмм желісінде жарияланды.
Ссылка: https://www.instagram.com/p/CLKaB1qH506/?igshid=64z6xo85b90e

Жетісу аудандық Білім бөлімінің бекітілген кестесіне сәйкес, 10.02.2021ж күні №101 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушылары арасында апаттар қаупін азайту, олардан сақтану шаралары жайлы ақпарат беру мақсатында бойынша спикер Жайна Жангалиева мен Нуреден Адия оқушыларға төтенше жағдайлар туралы ақпараттар беріп, "Апаттар қаупін азайту" тақырыбында қызықты сабақты онлайн-форматта өткізді.
Мақсаты: Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсету білудің қарапайым жолдарын меңгеру.


Ссылка: https://www.instagram.com/p/CLHxoSNLlLo/?igshid=1gcvy0yhvyall