“Мектепке жол”
Биылғы жаңа оқу жылын “Мектепке жол” қайырымдылық акциясымен бастайын деп отырмыз. Жетісу ауданы №101 мектеп-гимназияның бастауыш сынып ата-аналары аз қамтылған, көпбалалы және жетім балаларға қолдау көрсетті. Бірі – мектеп формасын алып берсе, бірі – кеңсе тауарларын, ал қалғандары ақшалай көмек көрсетті. Осылайша 10 оқушымыз мектеп формасымен, 10 оқушымыз кеңсе тауарларымен қамтылып, сабаққа дайын отыр. Жаңа оқу жылын бір-бірімізге демеу болып, игілікпен бастадық!