Іс-шаралар » Страница 9 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Бақытты отбасы”
23
қаңтар
2025
“Бақытты отбасы”
Отбасының тірегі- сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы -адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы жоқ адам, қанатсыз құспен тең. Ал бірін -бірі сыйлап, бірін-бірі қолдап отырған отбасы бар адам өте бақытты жан. Мектебіміздің 4”Г” сыныбында “Бақытты отбасы” тақырыбында суреттер байқауы өтті.
«Біз АҚТБ/ЖИТС ке қарсымыз»
22
қаңтар
2025
«Біз АҚТБ/ЖИТС ке қарсымыз»
ЖИТС (СПИД) – жұқтырған қорғаныш тапшылығының белгісі. Қорғаныш жүйесі әлсіреген кезде адам кез-келген ауруға, әсіресе жұқпалы ауруларға қабылдағыш болады. Мектебіміздің 7»Д» сыныбында «Біз АҚТБ/ЖИТС ке қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
“Заң және тәртіп құндылығы”
21
қаңтар
2025
“Заң және тәртіп құндылығы”
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында мектебімізде “Заң және тәртіп құндылығы” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
«Кел сырласайық»
20
қаңтар
2025
«Кел сырласайық»
Жасөспірім қыздарды өз денесін таза ұстау, жеке гигиена ережелерін сақтауға үйрету мақсатында 8- сынып қыздарының арасында, мектеп мейірбикесінің қатысуымен «Кел сырласайық» тақырыбында әңгіме жүргізілді.
«Велосипедке және оны айдаушыларға қойылатын талаптар»
17
қаңтар
2025
«Велосипедке және оны айдаушыларға қойылатын талаптар»
Жол қозғалысы ережелері- қала көшелерінде қауіпсіз жүруге көмектесетін ережелер мен нұсқаулардың жиынтығы. Олар жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін міндетті: жаяу жүргіншілер, велосипедшілер, автокөлік жүргізушілері және мотоциклшілер. Жол қозғалысы ережелерінің ең маңызды ережесі – ол қауіпсіздік. Бұл жолдағы қауіпті жағдайлардан аулақ болуға, өзімізге және басқаларға қауіп төндірмеуге көмектеседі. 7 сынып оқушыларымен «Велосипедке және оны айдаушыларға қойылатын талаптар» тақырыбында
«Сақтансаң сақ боларсын»
16
қаңтар
2025
«Сақтансаң сақ боларсын»
Жолда жүру ережесінің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білуге үйрету.Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай орындауға жол белгілерін есте сақтау дағдысын тәрбиелеу. Жол қауіпсіздігі ережелері бойынша терең түсінік беру мақсатында 6”Г,Д” сынып оқушылары «Сақтансаң сақ боларсын» тақырыбында жолда жүру ережелерібен танысып шықты.
«Логикалық ойлауды үйрену»
15
қаңтар
2025
«Логикалық ойлауды үйрену»
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ата - аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында «Логикалық ойлауды үйрену» тақырыбында 2 «В» сынып ата - аналарымен жиналыс өткізілді.
“Отбасы бақыт мекені”
14
қаңтар
2025
“Отбасы бақыт мекені”
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында #101 мектеп- гимназияның 2 «А», «Б» сыныптар арасында “Отбасы бақыт мекені” тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Отбасы — сыйластық пен тыныштық, махаббат, бірлік орнаған орта. Оқушылар өздерінің отбасыларын сурет салу арқылы бейнелеп, отбасы туралы өлең оқып, өз ойларын ортаға салды.
«Үлкен әлемге жол ашатын кітап»
13
қаңтар
2025
«Үлкен әлемге жол ашатын кітап»
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5 «А» «Б» сынып оқушыларымен «Үлкен әлемге жол ашатын кітап» тақырыбында кітапханаға саяхат сабағы өткізілді. Оқушылар белсенді түрде қатысып, өздерінің білімге және кітапқа деген қызығушылықтарын танытты.
«Сәлемде сұлу сыр бар»
10
қаңтар
2025
«Сәлемде сұлу сыр бар»
Оқушыларды амандасу арқылы үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуді үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Сәлемде сұлу сыр бар» тақырыбында 3Г сыныбында дөңгелек үстел өткізілді.