"1 наурыз - Алғыс айту күні"
Мектебімізде көркем еңбек пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-наурыз – Алғыс айту күніне арналған оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсініктерін қалыптастыру; олардың Отанына, жанұясына, ата-анасына, достарына деген сүйіспеншілігін арттыру; қолөнерін дамыту.