Іс-шаралар » Страница 43 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"
18
қазан
2022
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"
8 "А", "Б" сынып оқушылары арасында "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді. Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.  
“Біздің Отанымыз”
17
қазан
2022
“Біздің Отанымыз”
 8-11 сынып оқушылары арасында “Біздің Отанымыз” тақырыбында өткен жалпыреспубликалық патриоттық диктант байқауы өтті. Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту
Кітап көрмесі
17
қазан
2022
Кітап көрмесі
17.10.2022ж. күні мектеп кітапханасында Республика күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Мақсаты: Оқушыларға туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету, патриоттық сезімдерін ояту.
“Отбасындағы ұлттық тәрбие”
17
қазан
2022
“Отбасындағы ұлттық тәрбие”
“Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы” тақырыбы бойынша сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің жоспары аясында 9 ”Г” сынып оқушылары арасында “Отбасындағы ұлттық тәрбие” тақырыбында ашық сабағы өткізілді.  Мақсаты: Ұлттың құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту және оны сүйе білу, ұлттар арасындағы достастықтың маңызы, ата-ана және бала қарым-қатынасын, өзара байланысын қалыптастыру болып табылады.
«Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін»
15
қазан
2022
«Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін»
9 «В» сыныбында «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді.  Мақсаты: Қыз бен ер баланың бойына тән өнерлік, тәлімдік қасиеттермен, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен таныстыру, бір-бірін шынайы құрметтеп қастерлей білуге,өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, эстетикалық тәрбие беру.
«Ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері»
14
қазан
2022
«Ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері»
"Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы" тақырыбында өтіп жатқан сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігі онкүндігінің жоспары аясында 11 сынып оқушылары арасында «Ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері» тақырыбында коучинг өткізілді. Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
"Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы"
13
қазан
2022
"Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы"
5 "Д" сыныбында "Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Тәрбиеленушілерді ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
“Мен өмірді сүйемін!“
11
қазан
2022
“Мен өмірді сүйемін!“
Мектебіміздің педагог-психологы 5 сыныптар арасында “Мен өмірді сүйемін!“ тақырыбында әңгімелесу жүргізді. Мақсаты: 5 сынып оқушыларының мектепке қалыптасу дағдысын анықтау. Мектепте сабаққа деген ынтасын көтеру және жақсы көңіл-күй жағдайын орнату.